Дана Нұржігіт ұлының өсіп қалғанын айтып, оның өміріне алаңдаушылық білдірді. Журналист баласы оқып жатқан мектептегі оқу ақысының қымбаттап кеткенін айтты, деп жазады Todayinfo.kz порталы.

"Ұлым биыл 9 сыныпты бітіріп жатыр. 2 сыныптан бастап оқыған ақылы мектебі оқу құнын былтырдан 2 есе көтеріп жіберді. Жеке меншік мектептердің көбісінде жағдай осындай-ау…

Әлім болашақ мамандығын таңдап,авиа-инженерия деп отыр. Екеуміздің күнде талқылайтынымыз- колледжге кету ме әлде әрі қарай басқа мектепке кетіп 10-11 сыныпты тәмәмдау ма…

Өзімнің ішкі түйсігім:техникалық мамандық таңдаған ұлға практика қызығырақ,сондықтан авиа-ортаға ертерек түскені оңтайлы шешім бе деймін. Әлім әзірге екі ойлы. Шүкір! Осыны ойлайтын шаққа да жеттік. Қасыңдамын,балам!", -деп жазды журналист.