Іздеу барысында екі ұшқышсыз ұшу аппараты, Starlink спутниктік байланыс жабдығы, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның әуе кемесі пайдаланылуда. Жұмыстар ықтимал бағыттар мен аумақтарды тексере отырып, тәулік бойы жүргізілуде. «Қарағанды облысының ТЖД жоғалған азаматтың қайда екені туралы қандай да бір ақпаратқа ие тұрғындарды 112 нөміріне хабарласуға шақырады», – делінген хабарламада.
Қарағанды облысында аязды түні мал іздеуге шыққан ер адам жоғалып кетті
Фото: instagram.com/ in_da_krg Қарағанды облысында 1953 жылы туған ер адамды іздестіру жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Төтенше қызмет өкілдерінің мәліметінше, іздестіру жұмысы Шет ауданына қарасты Ағадыр кенті маңында жүргізіліп жатыр. Алдын

Фото: instagram.com/ in_da_krg
Қарағанды облысында 1953 жылы туған ер адамды іздестіру жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше қызмет өкілдерінің мәліметінше, іздестіру жұмысы Шет ауданына қарасты Ағадыр кенті маңында жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, 18 желтоқсанда ер адам Toyota Land Cruiser автокөлігімен мал іздеуге шығып, қайта оралмаған. Оның жоғалғаны туралы хабар 21 желтоқсан күні сағат 01:55-те Қарағанды облысының ТЖД-сіне түскен.
Іздестіру-құтқару операциясына Қарағанды облысының ТЖД күштері, Қазақстан Республикасы ТЖМ-нің 52859 әскери бөлімі, полиция департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер мен жоғалған азаматтың туыстары тартылған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Президенттің бастамасы Маңғыстау мұрасын әлемге паш етті – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО-ның тізіміне енді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Президенттің бастамасы Маңғыстау мұрасын әлемге паш етті – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО-ның тізіміне енді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Науқан өңірлерге бет бұрды: партиялар жергілікті жерлердегі жұмысты бастады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Кампания сместилась в регионы: партии начали работу на местах
Жаннұр Еділбаева·