Қазақстан мен АҚШ Қостанайда сирек кездесетін металдарды барлауды бастайды
Қазақстанның мемлекеттік "Тау-Кен Самұрық" компаниясы мен америкалық Cove Capital Қостанай облысындағы Ақбұлақ учаскесінде сирек кездесетін металдарды геологиялық барлауға кіріседі. Бұл кен орнындағы жалпы қор 349 мың тонна деп бағалануда. Жоба бірлескен кәсіпорын форматында жүзе

Қазақстанның мемлекеттік "Тау-Кен Самұрық" компаниясы мен америкалық Cove Capital Қостанай облысындағы Ақбұлақ учаскесінде сирек кездесетін металдарды геологиялық барлауға кіріседі. Бұл кен орнындағы жалпы қор 349 мың тонна деп бағалануда. Жоба бірлескен кәсіпорын форматында жүзеге асады, оның 75%-ы америкалық инвесторларға тиесілі.
Cove Capital бұған қоса Қазақстандағы Солтүстік Қатпар мен Жоғарғы Қайрақты кен орындарын игеруді жоспарлап отыр. Бұл кеніштер әлемдегі ең ірі вольфрам қорларының қатарына кіреді — жалпы көлемі 410 мың тоннадан асады.
Жобаларға салынатын инвестиция көлемі — 1,1 миллиард доллар.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Казахстан готовится войти в научную программу ЕС
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Идея справедливости находит широкую поддержку в обществе — председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Бекзат Саттархановқа жыр арнаған түрік ақыны – Фатих Кескин
Todayinfo редакциясы·