ҚР атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысының алдын ала құнын атады, деп хабарлайды Todayinfo.
Ведомство басшысының айтуынша, атом электр станциясының құны техникалық-экономикалық негіздеме негізінде анықталады.
«Бізде конкурсқа қатысушылар ұсынған индикативті параметрлер бар. Қазір бұл ақпаратты жариялай алмаймыз, өйткені олар процесс қатысушыларымен жасалған құпиялық туралы келісімдермен қорғалған. Бірақ жалпы әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мұндай деңгейдегі станцияның ең төменгі құны шамамен $14 млрд-ты құрайды», – деді ол.




