- 16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттен тұратын паспорттың құны 17 300 теңге (4 АЕК) болады, бұл 2025 жылғы 15 728 теңгемен салыстырғанда қымбат;
- 36 беттен тұратын стандартты паспорт – 34 600 теңге (8 АЕК);
- 48 беттен тұратын паспорт – 51 900 теңге (12 АЕК);
- жеке куәліктің құны – 865 теңге (0,2 АЕК), ал құжат бір жыл ішінде екі реттен көп жоғалған жағдайда – 4 325 теңге (1 АЕК);
- жүргізуші куәлігін рәсімдеу – 5 406 теңге (1,25 АЕК).
Келер жылдан бастап жеке куәлік тегін берілетін болады
Фото: pzks.info Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жеке куәлікті алғаш рет алу, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстыру тегін берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz

Фото: pzks.info
Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жеке куәлікті алғаш рет алу, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстыру тегін берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Аслан Аталықовтың айтуынша, мемлекеттік баж жеке куәлікті алғаш алу кезінде де, сондай-ақ құжаттың жарамдылық мерзімі аяқталған соң жоспарлы түрде ауыстырғанда да алынбайды. Ішкі істер министрлігінің бұл бастамасы құжат рәсімдеу тәртібін жеңілдетуге және азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға бағытталған.
Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бірқатар құжаттарды рәсімдеу үшін алынатын мемлекеттік баж мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге өсуіне байланысты өзгереді. Осыған орай паспорттар, жеке куәліктер, жүргізуші куәліктері және кейбір тіркеу қызметтері қымбаттайды.
Атап айтқанда:
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·