Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қазтаг бас редакторының үйқамақ мерзімі ұзартылды

Фото: Азаттық Алматыда сот «ҚазТАГ» бас редакторы Амир Қасеновке қатысты бұлтартпау шарасын ұзартты. Ол тағы үш айға дейін үйқамақта қалады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы оның жұбайы Айгүл Касенова мәлімдеді. – Яғни, қазақтың жаңа жылы – Наурыз мерекес

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Қазтаг бас редакторының үйқамақ мерзімі ұзартылды
Фото: Азаттық Алматыда сот «ҚазТАГ» бас редакторы Амир Қасеновке қатысты бұлтартпау шарасын ұзартты. Ол тағы үш айға дейін үйқамақта қалады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы оның жұбайы Айгүл Касенова мәлімдеді.
– Яғни, қазақтың жаңа жылы – Наурыз мерекесін де ол үйде өткізеді. Сонымен қатар тергеудің үйқамақты ұзарту жөніндегі өтінішінде күйеуімнің бой тасалауы, тергеу барысына қандай да бір кедергі келтіруі немесе заңсыз әрекеттермен айналысуы мүмкін екеніне қатысты дәлелдер жоқ. Ұзартуға себеп ретінде мүлде басқа негіздер – тергеу Амир Қасеновтің қатысуынсыз да жүргізе алатын бірқатар процессуалдық әрекеттер көрсетілген, – деді ол.
Сондай-ақ Қасенова қорғау тарапы үйқамақты ұзарту туралы өтініш беру кезінде жіберілген заңбұзушылықтарға назар аударғанын айтты. Адвокат Сәлімжан Мусин бұл мәселелерді соттың назарына ұсынған, алайда, оның пікірінше, аталған уәждер ескерусіз қалған.

Ұқсас материалдар

Қазтаг бас редакторының үйқамақ мерзімі ұзартылды · Todayinfo