Todayinfo.kz
АймақБарлық жазбаларды қарау

Қонаев қаласында 180 пәтер пайдалануға беріледі

Қонаев қаласында 180 пәтер пайдалануға беріледі. Бюджет есебінен 3,1 млрд. теңгеге бөлінген, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Қонаев қаласында жақында 180 пәтерлі тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі. «Sun City» кешені 4-шағын ауданда орналасқан. Бұл тұрғын үй 12 қ

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Қонаев қаласында 180 пәтер пайдалануға беріледі
Қонаев қаласында 180 пәтер пайдалануға беріледі. Бюджет есебінен 3,1 млрд. теңгеге бөлінген, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Қонаев қаласында жақында 180 пәтерлі тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі. «Sun City» кешені 4-шағын ауданда орналасқан. Бұл тұрғын үй 12 қабаттан, 3 бөліктен тұрады. Жалпы ауданы - 23 000 шаршы метр, мұнда 360 пәтер бар. Жеке инвестор – "KazSMU" ЖШС-нің қаржысына тұрғызылып жатыр. Құрылыс салушысы «R & M Constraction» ЖШС «АРИСТОКРАТ» ЖШС тұрғын үй кешенінің құрылысын жүзеге асырады. 552 пәтерге арналған 25 тұрғын блоктан тұрады,  ғимараттың жалпы ауданы 54,5 мың ш.м.  құрайды, пәтерлердің жалпы ауданы -36,9 мың ш.м. құрайды. Бес блокты 10,9 мың  ш.м. құрайтын  2024 жылғы маусым айында пайдалануға беру жоспарланған. Жер учаскесінің ауданы 3,4 га. Нысан № 17 учаскесі Д. Қонаев атандығы даңғылында орналасқан.
«Салынып жатқан үйлердің жалпы ауданы 123,61 мың шаршы метрді құрайды.Бюджет есебінен 3,1 млрд. теңгеге 8-10-шы шағын аудандарында 60 пәтерлік 3 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда, нәтижесінде 180 пәтер пайдалануға беріледі. Одан бөлек, 60 пәтерлік 9 тұрғын үйдің жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде. Барлығы 31 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда», - деп хабарлады Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Қаламызда 7 құрылыс компаниясы өз қаражаттары есебінен 2 тұрғын үй кешені мен 5  көпқабатты тұрғын үй құрылысын жүргізуде. Халықтың әлеуметтік осал топтарын коммуналдық тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында  2023-2024 жылы сатып алынған 85 пәтер бүгінгі күні тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің теңгеріміне өтті. Аталған бағытта жұмыстар өз жалғасын табуда.

Ұқсас материалдар

Қонаев қаласында 180 пәтер пайдалануға беріледі · Todayinfo