Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Құным бір бұтақ, сымнан сақина жасады»: орыс қызы күйеуінің өзіне қалай ұсыныс жасағанын айтып елдің ықыласына бөленді

Әлеуметтік желіде орыс қызының махаббатқа толы, бірақ біртүрлі оқиғасы қызу талқыланып жатыр. Бойжеткен сүйіктісінің өзіне қалай «ұсыныс жасағанын» айтып, көпшіліктің назарын аударды. Оқиға соншалықты күтпеген әрі күлкілі болғаны сонша, желі қолданушылары оны «настоящий треш» деп

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Құным бір бұтақ, сымнан сақина жасады»: орыс қызы күйеуінің өзіне қалай ұсыныс жасағанын айтып елдің ықыласына бөленді

Әлеуметтік желіде орыс қызының махаббатқа толы, бірақ біртүрлі оқиғасы қызу талқыланып жатыр. Бойжеткен сүйіктісінің өзіне қалай «ұсыныс жасағанын» айтып, көпшіліктің назарын аударды. Оқиға соншалықты күтпеген әрі күлкілі болғаны сонша, желі қолданушылары оны «настоящий треш» деп атап үлгерді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Қыздың айтуынша, болашақ күйеуі оған қымбат сақина да, гүл де, әдемі қорап та сыйламаған. Оның орнына… кәдімгі ағаштың бұтағын ұсынған.

«Ол бұтақты жерден алып, сымнан сақина сияқты бірдеңе жасап шықты да: “Міне, менің саған беретін құным осы – бір бұтақ” деді», – деп еске алады бойжеткен.

Бойжеткен бұл сәтті алғашында әзіл деп қабылдағанын айтады. Алайда жігіттің көзқарасы мен шынайылығы оны қатты әсерлендірген. Кейіннен дәл осы «бұтақпен жасалған ұсыныс» олардың қарым-қатынасының символына айналыпты.

Бұл оқиға желіде түрлі реакция тудырды. Бірі мұны махаббаттың шынайылығы деп бағаласа, енді бірі «романтика мен кедейлікті шатастырмау керек» деп сынаған. Дегенмен көпшілік бұл оқиғаны юмормен қабылдап, пікірлерде әзіл мен мемдер жарыса жазылып жатыр.

«Ең бастысы – сақинаның бағасы емес, ниеті»,
«Қымбат бриллианттан гөрі есте қаларлық ұсыныс»,
«Треш, бірақ мило» – деп жазды желі қолданушылары.

Қалай болғанда да, бұл оқиға махаббатта стандарттан тыс қадамдар әрдайым эмоция тудыратынын дәлелдеді. Ал бір бұтақтан жасалған сақина интернет үшін нағыз вирус-контентке айналды.

@user26taОсекушка 😂 ♬ оригинальный звук - Танягүл

Ұқсас материалдар

«Құным бір бұтақ, сымнан сақина жасады»: орыс қызы күйеуінің өзіне қалай ұсыныс жасағанын айтып елдің ықыласына бөленді · Todayinfo