Қызылордада кәуапшы дәмхана иесінің екі саусағын балтамен кесіп тастады
Қызылордада дәмханада жұмыс істейтін ер адам мекеме иесіне шабуыл жасап, ет шабатын балтамен екі саусағын шапқан. Оқиға қоғамдық тамақтану орнында болған, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті – осы дәмханаға ет дайындаушы ретінде жұмысқа алынған. Алайд

Қызылордада дәмханада жұмыс істейтін ер адам мекеме иесіне шабуыл жасап, ет шабатын балтамен екі саусағын шапқан. Оқиға қоғамдық тамақтану орнында болған, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті – осы дәмханаға ет дайындаушы ретінде жұмысқа алынған. Алайда ол жұмыс орнына мас күйінде келіп, карта ойнап, міндетінен жалтарған. Бұған наразы болған кәсіп иесі ескерту жасаған кезде, ер адам қолына балта алып, әйелге қарсы шабуыл жасаған.
Жәбірленуші – көпбалалы ана. Қазір ол ауруханада, жағдайы тұрақты.
Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Құқық қорғау органдары бұл істі ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді. Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Қостанай қаласы білім бөлімінің басшысы жемқорлық күдігімен ұсталды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Бағын Баян тартып алған»: Тұрсын Алагөзовтың экс—әйеліне көз тіккен еркектер көбейген
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қабірге қонған қария: мерт болған ұлын жоқтаған әке зиратты "үйге" айналдырды
Айдар Керім·

Жаңалықтар
Семейдегі аспалы көпірден жас жігіт құлап кетті
Жаннұр Еділбаева·