Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Шымкенттегі театрдың басшысы бюджеттен 136 млн теңге ұрлаған

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті "Шымкент жастар театры" ШЖҚ КМК директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты 136 млн теңгеден астам көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды  Todayinfo. Мемлекеттік бюджеттен концерт ө

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Шымкенттегі театрдың басшысы бюджеттен 136 млн теңге ұрлаған
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті "Шымкент жастар театры" ШЖҚ КМК директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты 136 млн теңгеден астам көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Todayinfo. Мемлекеттік бюджеттен концерт өткізуге арналған жабдықтарды (соның ішінде колонкалар, сабвуферлер, сахналық ферма, күшейткіштер, микрофондар және т. б.) сатып алуға 320 млн теңге бөлінген.
"Алайда сатып алу талаптарын бұза отырып, лоттарды қолдан бөлшектеу арқылы 20-дан астам атау бойынша сатып алу электронды дүкен арқылы жүргізілген. Электронды сауда алаңы арқылы жабдықты нақты жеткізбеген жалған жеке кәсіпкерлермен келісімшарттар жасалып, қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған. Күдіктілердің бірі қылмыстық жолмен алынған табысқа жалпы құны 48 млн теңге болатын автокөлік пен пәтер сатып алып, мүлікті жасыру мақсатында оларды сенімді адамдардың атына рәсімдеген", – делінген ҚМА хабарламасында.
Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.

Ұқсас материалдар

Шымкенттегі театрдың басшысы бюджеттен 136 млн теңге ұрлаған · Todayinfo