— Дәрігерлер ST сегментінің көтерілуімен жүретін жедел коронарлық синдром хаттамасына сәйкес шұғыл көмек көрсетті. Жағдайы біршама жақсарғанымен, науқасты кардиология орталығына жеткізу кезінде оның қан айналымы тоқтап қалды. Реанимобиль ішінде халықаралық ACLS стандартына сай жүрекке жанама массаж, Амбу қалтасы арқылы жасанды тыныс алдыру және кейін трахеяны интубациялау жүргізілді. Дефибриллятор мониторы жүрек соғысының электрлік белсенділігінің болмағанын көрсетті. Кейін шокты ырғақ пайда болған кезде дефибрилляция жасалды. Реанимациялық және интенсивті ем-шаралар нәтижесінде қан айналымы қалпына келіп, өздігінен тыныс алу басталды, — деп хабарлады жедел медициналық жәрдем орталығының мамандары.Науқасқа вазопрессорлық қолдау көрсетіліп, ол әрі қарай мамандандырылған ем алу үшін кардиологиялық орталықтың дәрігерлеріне тапсырылды.
Солтүстік Қазақстанда жүрегі тоқтап қалған науқас қайта тірілді
Реамед Петропавлда дәрігерлер 75 жастағы науқасты клиникалық өлімнен аман алып қалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz. 30 шілде күні түн ортасында Петропавл қаласындағы жедел медициналық жәрдем стансасына 75 жастағы ер адамның жағдайы нашарлағаны туралы шақырту келіп түсті. науқастың

Реамед
Петропавлда дәрігерлер 75 жастағы науқасты клиникалық өлімнен аман алып қалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
30 шілде күні түн ортасында Петропавл қаласындағы жедел медициналық жәрдем стансасына 75 жастағы ер адамның жағдайы нашарлағаны туралы шақырту келіп түсті. науқастың қан қысымы көтеріліп, қатты терлей бастаған.
Дәрігерлер келгенде қария кеудесінде қатты ауырсыну барын айтып шағымданған. Тексеру барысында оған жедел трансмуральды миокард инфаркті диагнозы қойылған.
Ұқсас материалдар

Қоғам
Маңғыстауда 12 жастағы бала ауладағы әткеншекте көз жұмды
Айдар Керім·

Қоғам
Перизат Қайрат пен Бишімбаевқа рақымшылық жасала ма? – ІІМ ресми жауап берді
Айғаным Нариманова·

Қоғам
Ата-ана соңғы қоңырау күні қыздарына сыйлаған гүлін несиеге алған – Жарқынбек Амантайұлы
Айдар Керім·

Қоғам
Маңғыстау облысы: ауладан баланың мәйіті табылды
Айдар Керім·