Todayinfo.kz
ҚоғамБарлық жазбаларды қарау

Темір құлаған: Ақтауда 7 жастағы баланың бас сүйегі қақ айырылған

Балаға ауыр ота жасалды.

Авторы Айдар Керім··1 мин оқу
Темір құлаған: Ақтауда 7 жастағы баланың бас сүйегі қақ айырылған
📷 1ФОблыстық көпсалалы балалар ауруханасы

Ақтауда дәрігерлер басына темір құбыр құлап, ауыр жарақат алған 7 жастағы баланы аман алып қалды, деп хабарлайды 24.kz сілтеме жасаған Todayinfo.kz.

Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасының мәліметінше, Құрық ауылынан жеткізілген бала 10 мамыр күні ауыр жағдайда түскен.

Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалаған. Тексеру нәтижесінде балаға ашық бас-ми жарақаты, бас сүйегінің ауыр сынуы және ми жарақаты диагнозы қойылған.

Дәрігерлер екі сағаттан астам уақытқа созылған күрделі ота жасап, бас сүйегіне трепанация жүргізген. Операция барысында жаншылған сүйек сынықтары алынып, қалпына келтіру жұмыстары жасалған. Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақталған. Ол есін жиып, өздігінен тамақтанып, ата-анасын тани бастаған.

Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Дереккөз:

Ұқсас материалдар

Темір құлаған: Ақтауда 7 жастағы баланың бас сүйегі қақ айырылған · Todayinfo