Todayinfo.kz
Жаңалықтар

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімді құптады: Пәкістан мен Трамптың рөлі қандай?

Президент Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату туралы бітімді құптады. Келісімге Пәкістанның араағайындығы мен Трамп пен Иранның ізгі ниеті арқылы қол жетті.

Авторы Мухтар Жексенбаев (журналист)··1 мин оқу
Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімді құптады: Пәкістан мен Трамптың рөлі қандай?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы әскери қақтығысты тоқтату туралы бітімгершілік келісімге қол жеткізілгенін құптады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Ақорданың хабарлауынша, бұл тарихи келісімге Пәкістанның Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен елдің Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің тікелей араағайындық етуі арқылы қол жеткізілген.

Сондай-ақ, келіссөздердің сәтті өтуіне АҚШ президенті Дональд Трамптың, Иранның жоғарғы басшылығының және қақтығысқа қатысқан басқа да елдердің парасаттылығы мен ізгі ниеті септігін тигізгені атап өтілді.

Мемлекет басшысы бұл бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болып, әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасайтынына зор үміт білдірді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар