Todayinfo.kz
Жаңалықтар

Трамп: «Иран өз көшбасшысы кім екенін де білмейді, ел абдырап қалды»

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранда билік дағдарысы басталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, елдің көшбасшысы кім екені белгісіз.

Авторы Мухтар Жексенбаев (журналист)··1 мин оқу
Трамп: «Иран өз көшбасшысы кім екенін де білмейді, ел абдырап қалды»

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранда билік дағдарысы басталғанын мәлімдеп, ел басшылығында толыққанды белгісіздік орнағанын айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Трамптың сөзінше, ирандықтардың өздері де кімге бағынарын білмей, дал болып отыр.

"Ирандықтардың өздері де абдырап қалды. Олар ел атынан кім сөйлейтінін, тіпті өздерінің көшбасшысы кім екенін де білмейді", – деді АҚШ президенті.

Ол сондай-ақ АҚШ-тың «Ирандағы бірнеше деңгейдегі басшыларды іс жүзінде ығыстырғанын» және бұл соққының Али Хаменеидің айналасындағы адамдарға да тигенін меңзеді.

"Енді оларға ешкім көмектескісі келмейді. Себебі Иран бұрынғыдай қорқыныш ұялатпайды және Таяу Шығыстың «ықпалды күші» болудан қалды", – деп атап өтті Трамп.

Бұл мәлімдемені The New York Times басылымының ақпараты да жанама түрде растай түседі. Басылымның жазуынша, Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы атанып жүрген Моджтаба Хаменеи бірнеше ауыр операцияны басынан өткерген.

Дереккөздерге сүйенсек, оның бір аяғына үш рет ота жасалған және протез қажет болуы мүмкін. Сондай-ақ бір қолына да операция жасалып, қазір қалпына келу кезеңінен өтіп жатыр. Беті мен ерні қатты күйіп қалғандықтан, сөйлеу қабілеті де нашарлаған.

Газеттің хабарлауынша, Хаменеи денсаулығына байланысты «кем дегенде әзірге» маңызды шешімдер қабылдауды Ислам революциясы сақшылары корпусындағы генералдарға тапсырған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар