Түркістан облысында 700-ден астам мәдениет және өнер мекемесі халыққа қызмет көрсетеді
Түркістан облысында қазіргі таңда жалпы 11 мәдениет нысаны салынып, 6-на күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 мәдени нысанның құрылысы мен 6 клубқа күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасын

Түркістан облысында қазіргі таңда жалпы 11 мәдениет нысаны салынып, 6-на күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 мәдени нысанның құрылысы мен 6 клубқа күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев мәлімдеді.
«Облыс бойынша 704 мәдениет және өнер мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Оның 681-і аудан-қала әкімдіктеріне, 23-і мәдениет басқармасына қарасты. Одан бөлек, биыл 7 айда үш кәсіби театрда 183 спектакль қойылды. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония мен «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде 150 концерт және мәдени шаралар өткізілді. Ал басқармаға қарасты «Оңтүстікфильм» мекемесінде 137 бейнеролик, 38 әлеуметтік және деректі бейнефильм дайындалды. Сонымен қатар, облыста қызмет көрсететін 24 музейге 225 472 адам келген. Соңғы жеті айда облыс кітапханаларында оқырмандар саны 279 646-ға жетті. Өңірде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Өнерлі өлке», «Voice of Turan» сынды мәдени іс-шаралар биыл да өз жалғасын таппақ. Жыл сайын дәстүрге айналған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі биылғы жылы да сәтті басталды»-деді басқарма басшысы.
Айта кетерлігі, қыркүйек айында Астана қаласында өтетін дүниежүзілік көшпенділер ойындарына облыс атынан тек спортшылар ғана емес, мәдениет майталмандары да өз өнерлерін көрсететін болады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Қостанай қаласы білім бөлімінің басшысы жемқорлық күдігімен ұсталды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Бағын Баян тартып алған»: Тұрсын Алагөзовтың экс—әйеліне көз тіккен еркектер көбейген
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қабірге қонған қария: мерт болған ұлын жоқтаған әке зиратты "үйге" айналдырды
Айдар Керім·

Жаңалықтар
Семейдегі аспалы көпірден жас жігіт құлап кетті
Жаннұр Еділбаева·