Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Туристер шошқаның нәжісіне шомылып жатыр»: Алакөлге құятын өзеннің басында шошқа фермасы бар болып шықты (ВИДЕО)

Алакөлге құятын өзеннің басында шошқа асырап жатыр деген ақпарат желіде тарады, деп хабарлайды Todayinfo . Автордың видеосында су бойында жайылып жүрген шошқалар көрінеді. Жерде сойғаннан кейін қалған ішек-қарын, терісі жатыр. «Мына су Көктұма, Қызылтал деген өзенге жалғасады. Ол

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«Туристер шошқаның нәжісіне шомылып жатыр»: Алакөлге құятын өзеннің басында шошқа фермасы бар болып шықты (ВИДЕО)
Алакөлге құятын өзеннің басында шошқа асырап жатыр деген ақпарат желіде тарады, деп хабарлайды Todayinfo. Автордың видеосында су бойында жайылып жүрген шошқалар көрінеді. Жерде сойғаннан кейін қалған ішек-қарын, терісі жатыр.
«Мына су Көктұма, Қызылтал деген өзенге жалғасады. Олар Алакөлге құяды. Соның басында Қаратас деген КХ шошқа асырап жатыр. Мына жердің сасық иісі сұмдық. Бүкіл Қазақстан, туристер келіп сасық суға түсіп жатыр»,- деді автор.
Желідегілер су басына шошқа асырауға қалай рұқсат берген деп билікті кінәлап жатыр.
«Жазу керек Үкіметке, СЭС, әкімге, жойсын», «Прокуратура қайда қарап отыр, шара қолдансын», «Масқара, тамаша жер шошқа өсіруге қалай берілген», «құртсын шошқа фермасын», деген пікірлер жазылды.

Ұқсас материалдар

«Туристер шошқаның нәжісіне шомылып жатыр»: Алакөлге құятын өзеннің басында шошқа фермасы бар болып шықты (ВИДЕО) · Todayinfo