Todayinfo.kz
ҚоғамБарлық жазбаларды қарау

Үш айда Қазақстаннан шет елдерге 4 мыңға жуық адам көшіп кеткен

Биыл қаңтар-наурыз айлары аралығында Қазақстанның 3 800 азаматы шет мемлекеттерге көшіп кеткен. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда, 42 пайыз көп. Есесіне, елге келгендердің саны 7,5 мыңға жеткен. Ranking.kz сайтының мәліметінше, Қазақстанға жұрт көбіне көрші Ресейден көшіп келеді е

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Үш айда Қазақстаннан шет елдерге 4 мыңға жуық адам көшіп кеткен
Биыл қаңтар-наурыз айлары аралығында Қазақстанның 3 800 азаматы шет мемлекеттерге көшіп кеткен. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда, 42 пайыз көп. Есесіне, елге келгендердің саны 7,5 мыңға жеткен. Ranking.kz сайтының мәліметінше, Қазақстанға жұрт көбіне көрші Ресейден көшіп келеді екен. Олардың бірқатары Алматы қаласына тұрақтаған. Ал елден кеткендердің көбі Ресей, АҚШ, Польша және Қырғызстанға бет алған. Өзге елде жұмыс істегісі келгендер – 15 жастан асқан және жоғары білімі бар азаматтар. Мәселен, эмигранттардың 392-сі техникалық саланы тәмамдаса, 135-і педагогикалық мамандықтар бойынша оқу бітірген. Олардың қатарында сәулет-құрылыс пен заңгер мамандығында білім алған жандар да бар.  

Ұқсас материалдар

Үш айда Қазақстаннан шет елдерге 4 мыңға жуық адам көшіп кеткен · Todayinfo