Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Ұрлауға ыңғайлы, кәсіптен хабары жоқ бай адамдар»: басшылары миллондап бонус алатын "Самұрық-Қазынаны" сынаған депутатқа ақпараттық шабуыл басталды

Депутат Әділ Жұбанов ақпараттық шабуылға ұшырады. Amanat партиясының депутаты бұған дейін   "Самұрық-Қазынаны" тарату қажет деп сынға алған еді. Оның мәлімдемесі қордың арқасында қоң жинаған кейбіреудің шымбайына батса керек, деп мәлімдейді Todayinfo . «Қорға қарасты компани

Авторы Жаннұр Еділбаева··2 мин оқу
«Ұрлауға ыңғайлы, кәсіптен хабары жоқ бай адамдар»: басшылары миллондап бонус  алатын "Самұрық-Қазынаны" сынаған депутатқа ақпараттық шабуыл басталды

Депутат Әділ Жұбанов ақпараттық шабуылға ұшырады. Amanat партиясының депутаты бұған дейін  "Самұрық-Қазынаны" тарату қажет деп сынға алған еді. Оның мәлімдемесі қордың арқасында қоң жинаған кейбіреудің шымбайына батса керек, деп мәлімдейді Todayinfo.

«Қорға қарасты компанияларда ешқашан кәсіппен айналыспаған, бизнестен дым хабары жоқ, алайда өте ауқатты адамдар жұмыс істейді. Біз бүкіл байлықты бір қолға шоғырландырып, ұрлауға ыңғайлы жүйе жасап қойдық», - деген еді Жұбанов.

Депутаттың сөзінше, қор экономиканың табиғи дамуын тұсап отыр. Мәжілісмен "Самұрықтағы" сатып алу ашықтықтан алшақтап, тендерді бір көзден үлестіру әдетке айналғанын дәлелдеп берген-тін.

Көп ұзамай аноним арналарда Жұбановқа қатысты компромат тарай бастады.

Депутатқа қарасты "БатысАльянсСтрой" Атырауда 15 млрд теңгеден астам сомаға 141 мемтапсырыс ұтып алғаны, кейбір нысанның сапасыз салынғаны айтылып, бұған Жұбановтың компаниясы тікелей жауапты деген тұжырым жасалды.

Компроматтың тараған уақыты депутаттың "Самұрыққа" соқтыққан мәлімдемесімен сәйкес келіп тұр.

Күні кеше бұған Жұбановтың өзі жауап қатып, материал әлдекімдердің заказымен жасалғанын мәлімдеді. Компаниядағы үлесін заңға сәйкес сенімгерлік басқаруға бергенін, билікке келгелі бизнестен алшақтағанын айтып отыр.

Ең бастысы "Самұрық-Қазынаға" қатысты көзқарасынан бас тартпапты.

"Жоқ жерден жала жабу арқылы, менің аузымды жабуға тырысып жатыр. Қорға қатысты пікірімнен бас тартпаймын. "Самұрықтың" ашықтығы мен тиімділігіне сенбеймін. Ол реформалануы тиіс. Пікірім біреуге ұнамаған болса, бұл олардың өз проблемасы. Шындық үшін соңына дейін күресемін", - дейді мәжілісмен.

Ақпараттық шабуылдың логикасы қарапайым: жүйеге сын айтсаң, саған қарсы компромат ізделеді. Әділ Жұбановқа жасалған шабуылдың қолдан ұйымдастырылғанын оның әріптестері де растады. 

 

Ұқсас материалдар

«Ұрлауға ыңғайлы, кәсіптен хабары жоқ бай адамдар»: басшылары миллондап бонус алатын "Самұрық-Қазынаны" сынаған депутатқа ақпараттық шабуыл басталды · Todayinfo