Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Алматы облысында 700 мың теңгеге заңсыз миграция ұйымдастырған қылмыстық топ әшкереленді

Алматы облысында полиция шетелдіктер ұйымдастырған заңсыз көші-қон арнасын әшкереледі , деп хабарлайды Todayinfo. ІІМ мәліметінше, қылмыстық топ Қазақстанға заңсыз мигранттардың кіруін, транзитін және тіркелуін ұйымдастырған . Бұл қызмет үшін күдіктілер әр шетелдік азаматтан 150

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Алматы облысында 700 мың теңгеге заңсыз миграция ұйымдастырған қылмыстық топ әшкереленді

Алматы облысында полиция шетелдіктер ұйымдастырған заңсыз көші-қон арнасын әшкереледі, деп хабарлайды Todayinfo.

ІІМ мәліметінше, қылмыстық топ Қазақстанға заңсыз мигранттардың кіруін, транзитін және тіркелуін ұйымдастырған. Бұл қызмет үшін күдіктілер әр шетелдік азаматтан 150 мыңнан 700 мың теңгеге дейін ақша алып отырған.

— Жүргізілген кең көлемді және үйлестірілген операция нәтижесінде заңсыз миграция арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Шетелдік азаматтардың заңсыз кіруі мен тіркелуіне көмектескендер ұсталды, — делінген ІІМ хабарламасында.

Тінту кезінде тәртіп сақшылары ондаған шетелдік паспортты, жалған құжаттарды, медициналық сақтандыру полистерін, есірткі заттарын және діни әдебиеттерді тәркіледі.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұйымдасқан заңсыз көші-қон, алаяқтық және есірткі сақтау деректері бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды. Қазір алдын ала тергеу амалдары жалғасуда.

ІІМ заңсыз миграциямен күрес қатаң жүргізілетінін ескертіп отыр:

— Заңсыз миграция мен оны ұйымдастырудың кез келген түрі анықталып, заң аясында қатаң жазаланады. Барлық кінәлілер жауапқа тартылады, — делінген ведомство мәлімдемесінде.

  https://youtu.be/gPRp2BpPFU0

Ұқсас материалдар

Алматы облысында 700 мың теңгеге заңсыз миграция ұйымдастырған қылмыстық топ әшкереленді · Todayinfo