Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Вакцинация не үшін қажет?

Әрбір ата-ана баласын аурудан сақтағысы келеді. Балаңызды вакцинациялау арқылы сіз инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға көмектесесіз, жақындарыңызды және қандай да бір себептермен вакцинациялауға медициналық қарсы көрсетілімдері бар балаларды қорғайсыз. Инфекциялық аурулар

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··3 мин оқу
Вакцинация не үшін қажет?
Әрбір ата-ана баласын аурудан сақтағысы келеді. Балаңызды вакцинациялау арқылы сіз инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға көмектесесіз, жақындарыңызды және қандай да бір себептермен вакцинациялауға медициналық қарсы көрсетілімдері бар балаларды қорғайсыз. Инфекциялық аурулар дегеніміз не? Инфекциялық ауруларды көбінесе көзге көрінбейтін вирустар немесе бактериялардың қоздырғыштары тудырады. Ауру қоздырғыштары адамнан адамға ауа арқылы немесе қолдар мен заттар арқылы, кейде тамақ, су немесе топырақ арқылы берілуі мүмкін. Вакцинацияның негізгі міндеті - ағзаның қорғанысын нығайту, әртүрлі қауіпті ауруларға төзімді, иммунитетті қалыптастыру. Ағзаға ену арқылы бұл аурулардың қоздырғыштары өте қайғылы аяқталуы мүмкін жағдайларды тудыруы мүмкін. Неліктен вакцинация қажет? Вакцинациясыз біз қызылша, көкжөтел, дифтерия, сіреспе және полиомиелит сияқты ауыр ауруларға шалдығу қаупіне ұшыраймыз. Бұл аурулардың көпшілігі өмірге қауіп төндіреді. ДДҰ-ның бағалауы бойынша, тек балаларға арналған вакциналар жыл сайын 4 миллионнан астам адамның өмірін сақтайды. Кейбір аурулар сирек кездесетініне қарамастан, олардың қоздырғыштары әлемнің кейбір аймақтарында немесе барлық аймақтарында таралуын жалғастыруда. Қазіргі әлемде инфекциялық аурулар шекарадан оңай өтіп, оларға иммунитеті жоқ кез келген адамға жұғуы мүмкін. Вакцинация екі негізгі мақсатпен жасалуы керек: ол өзін қорғауға және айналасындағыларды қорғауға мүмкіндік береді. Кейбір адамдарда, мысалы, жаңа туған нәрестелер және ауыр аурулары немесе аллергиясы бар медициналық қарсы көрсетілімдері болғандықтан, оларды аурудан қорғау айналасындағы екпесі бар адамдарға байланысты. «ДДҰ зерттеулерінің мәліметтері бойынша, жыл сайын инфекциялық ауруларға қарсы иммундау жүргізілуінің нәтижесінде 2,5 миллионнан астам адамның өмір сақтап қалады. Алайда жыл сайын 9 миллион баланың өлімінің себебі инфекциялық аурулар болып табылады, оның ішінде 3 миллион бала вакциналар арқылы алдын алуға болатын инфекциялардан қайтыс болады»,- деп бөлісті Жетісу облысы СЭБД басшысы Асхат Сәкенұлы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2019 жылы халықтың денсаулығына төнетін 10 жаһандық қауіптің бірін - вакцинациядан саналы түрде бас тарту деп анықтады. Вакцинациялауды қаламау өзекті мәселеге айналды. Ата-аналардың вакцинациядан бас тартуының себептері әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ бас тартудың объективті жалғыз себебі – баланың денсаулық жағдайына байланысты медициналық қарсы көрсетілім болуы тиіс. 2017 - 2024 жылдар аралығында облыста профилактикалық егуден 2280 бас тарту тіркелді, оның ішінде 2024 жылы 306 жаңа бас тарту жағдайы тіркелді. Бас тартудың басым көпшілігі 1 жасқа дейінгі балаларға тиесілі - 1159 (50,8%). Бас тартудың негізгі себептері – жеке сенімдер - 88,6% (2021 жағдай). Діни себептер бойынша вакцинациядан бас тарту - 4,3% (98). Вакцинаға сенбеуі - 6,1% (140), БАҚ теріс ақпарат - 0,9% (21) құрады. «Вакцинациядан бас тартуға байланысты бірқатар инфекциялық аурулардың тіркелу жиілігі артып келеді. Соңғы жылдары қызылша мен көкжөтелден тұрақсыздық орын алуда. Вакцинацияланбаған адамдардың артуы қызылша мен көкжөтелдің жаңа өршуінің негізгі себебі болды. Вакцинациясыз жойылған инфекциялардың эпидемиясы қайта оралуы мүмкін. Сондықтан әртүрлі вирустардың таралуының алдын алу үшін, ұжымдық иммунитеттің жоғары деңгейін сақтау маңызды»,- дейді ол. Жалпы ұзақ мерзімдік эпидемиологиялық тұрақтылық халықтық инфекциялық ауруларға қарсы иммундамен қамтылу деңгейі 95%-ды құраған жағдайда ғана мүмкін болады. Қазіргі уақытта профилактикалық егулерді уақтылы жүргізу медициналық ұйымның профилактикалық жұмысының маңызды көрсеткіші болып табылады. Өмірдің бірінші жылындағы вакцинация баланың тұрақты иммундық жүйесін қалыптастыру үшін өте маңызды, сондықтан жаңа туған нәресте алғашқы вакцинаны перзентханада алады. Одан кейін вакцинопрофилактика балалар емханасында жүзеге асырылады, бұл учаскелік дәрігердің халықтың денсаулығын сақтаудағы негізгі жұмысының бірі болып табылады. Вакцинация қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алуға көмектеседі. Өзіңізді және жақындарыңызды негізсіз тәуекелге ұшыратпаңыз, инфекцияларға қарсы қажетті вакциналарды уақтылы алыңыз!

Ұқсас материалдар

Вакцинация не үшін қажет? · Todayinfo