Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Университет атауынан Назарбаев есімі алып тасталатын болды

Ұлттық қорғаныс университетінің атынан ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы есімі алып тасталмақ. Бұл туралы тиісті құжат Ашық НҚА порталында талқыланып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo . Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйым

Авторы Жаннұр Еділбаева··2 мин оқу
Университет атауынан Назарбаев есімі алып тасталатын болды

Ұлттық қорғаныс университетінің атынан ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы есімі алып тасталмақ. Бұл туралы тиісті құжат Ашық НҚА порталында талқыланып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.

Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы» үкімет қаулысына өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Құжат жобасында:

- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті деп өзгерістер енгізу көзделген, - деп жазылған.

Жобаны талқылау 18 шілдеге дейін жалғасады.

Университет атауынан Назарбаевтың есімін алып тастау туралы мәселе алғаш рет 2023 жылы көтерілген. Ол кезде мәжіліс депутаттары қорғаныс университетінің атауын өзгерту туралы ұсыныс жасаған болатын. Себеп ретінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшін жоюын алға тартты.

ҚР Ұлттық қорғаныс университеті - қарулы күштер мен басқа да арнайы мемлекеттік құрылымдар үшін офицер мамандарын дайындайтын жоғары әскери оқу орны. Университет 2003 жылы сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен құрылған. Ал 2018 жылы оқу орнына Назарбаевтың есімі берілген еді.

Ұқсас материалдар

Университет атауынан Назарбаев есімі алып тасталатын болды · Todayinfo