Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Жағдайы ауыр»: Астанада әскери қызметші әріптесін атып жіберді

Астанадағы әскери авиациялық база аумағында әскери қызметші абайсызда қасындағы адамды атып салған, деп хабарлайды Todayinfo . Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің мәліметіне сәйкес, оқиға қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауына

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«Жағдайы ауыр»: Астанада әскери қызметші әріптесін атып жіберді

Астанадағы әскери авиациялық база аумағында әскери қызметші абайсызда қасындағы адамды атып салған, деп хабарлайды Todayinfo.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің мәліметіне сәйкес, оқиға қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан болған. Зардап шеккен әскери қызметші дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Ұқсас материалдар

«Жағдайы ауыр»: Астанада әскери қызметші әріптесін атып жіберді · Todayinfo