- ҚМА азаматтарды үлестік құрылысқа қатысушылардың ақшалай қаражатын, ресурстарын және материалдық-техникалық базасын тартуға тиісті рұқсат құжаттары жоқ компанияларға ақша қаражатын салмауға шақырады. Егер экономикалық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат білсеңіз, «АФМ Insider» телеграм-ботына хабарласыңыз, - делінген хабарламада.
«Жалған келісімшарт жасаған»: Өскеменде пәтер саламыз дегендер 102 тұрғынды 1,8 млрд теңгеге алдаған
Фото: turantimes Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті құрылыс компаниясының топ менеджерлерінің заңсыз әрекетін тоқтатты. Олар көпқабатты тұрғын үй кешенін саламыз деген желеумен 1,8 млрд теңге жымқырған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порт

Фото: turantimes
Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті құрылыс компаниясының топ менеджерлерінің заңсыз әрекетін тоқтатты. Олар көпқабатты тұрғын үй кешенін саламыз деген желеумен 1,8 млрд теңге жымқырған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.
Тергеу барысында Өскемен қаласында екі күдікті құрылысқа қатысуға арналған жалған келісімшарттар жасап, 102 азаматты алдағаны анықталды.
Нәтижесінде құрылыс нысаны ұзақ құрылысқа айналды. Мерзімдер бірнеше рет ұзартылғанымен, тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталмаған.
Компаниялар үлескерлердің ақшалай қаражатын тартуға рұқсат құжаттары болмағандықтан заң талаптарын бұзған.
Қазіргі уақытта күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынып, тергеу изоляторына орналастырылды.
Тергеу барысында күдіктілердің 2,3 млрд теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды. Зардап шеккендерге қаражатты қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жариялануға жатпайды.
Ұқсас материалдар

Экономика
АҚШ-Иран тіресі: әлемде мұнай бағасы тағы қымбаттады
Айдар Керім·

Экономика
Алматы-Варшава: Еуропаға тікелей әуе рейсі іске қосылады
Todayinfo редакциясы·

Экономика
Alstom Арыста электровоз депосын салады: 50 млн еуро инвестиция
Todayinfo редакциясы·

Экономика
Қызылордада шыны зауытының іргетасы қаланды: 60 млрд теңге инвестиция
Todayinfo редакциясы·