Todayinfo.kz
ЭкономикаБарлық жазбаларды қарау

Алматы-Варшава: Еуропаға тікелей әуе рейсі іске қосылады

Алматы мен Варшава арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылады. Бұл қаланың туристік және іскерлік әлеуетін арттырады.

Авторы Todayinfo редакциясы··1 мин оқу
Алматы-Варшава: Еуропаға тікелей әуе рейсі іске қосылады

Алматы халықаралық туристік және іскерлік орталық ретіндегі мәртебесін нығайтуда, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. 2026 жылғы 31 мамырдан бастап мегаполис тұрғындары мен қонақтары Польша астанасы Варшава қаласына тікелей ұша алады.

Алматы – Варшава бағыты бойынша жаңа рейсті Польшаның ұлттық әуе тасымалдаушысы LOT Polish Airlines компаниясы іске қосады. Әуе рейстері заманауи Boeing 737 MAX ұшақтарымен аптасына төрт рет орындалады. Бұл Қазақстан мен Еуропа арасындағы қатынасты барынша жайлы әрі қолайлы етуге мүмкіндік береді.

Жаңа бағыттың ашылуына орай 1 маусым күні Алматыға польшалық туроператорлар мен тревел-блогерлерден құралған делегация келеді. Қонақтар үшін қаламен танысуға арналған мазмұнды бағдарлама әзірленген.

Бағдарлама аясында олар Алматының басты көрікті жерлерін, заманауи туристік инфрақұрылымын, гастрономиялық орындарын аралап, Іле Алатауындағы демалыс аймақтарына барады. Сонымен қатар Польша туристік индустриясының өкілдері алматылық туроператорлар және бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесіп, бірлескен жобалар мен өзара ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылайды.

Халықаралық әуе қатынасын дамыту Алматы үшін басым бағыттардың бірі болып қала береді. Әуе бағыттарының кеңеюі туристер санының артуына, халықаралық байланыстың нығаюына және қаланың Орталық Азиядағы саяхат пен бизнеске ең тартымды бағыттардың бірі ретіндегі имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ұқсас материалдар