Жаңбыр мен қар еліміздің тас жолдарында қозғалысты қиындатады
Фото: pixabay 19 желтоқсанда еліміздің бірқатар өңіріндегі республикалық маңызы бар автожолдарда ауа райы жағдайының нашарлауы күтіледі, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Па

Фото: pixabay
19 желтоқсанда еліміздің бірқатар өңіріндегі республикалық маңызы бар автожолдарда ауа райы жағдайының нашарлауы күтіледі, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында, сондай-ақ Абай мен Ұлытау облыстарында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болжанып отыр.
Қолайсыз ауа райына байланысты жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтап, арақашықтықты ұстану, жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау және жол жағдайының нашарлауы мүмкін екенін ескеру ұсынылады.
Республикалық автожолдардың жай-күйі туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласу арқылы білуге болады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Президенттің бастамасы Маңғыстау мұрасын әлемге паш етті – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО-ның тізіміне енді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Президенттің бастамасы Маңғыстау мұрасын әлемге паш етті – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО-ның тізіміне енді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Науқан өңірлерге бет бұрды: партиялар жергілікті жерлердегі жұмысты бастады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Кампания сместилась в регионы: партии начали работу на местах
Жаннұр Еділбаева·