Желі қолданушысы Ербол Молдабек әлеуметтік желілердегі опасыздыққа қатысты кеңестердің екіжүзділігіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, әлеуметтік желілерді ақтарып отырсаң, неліктен ажырасудың көбейгенін түсінгендей боласың. Себебі, онда жігітін, күйеуін, ата-енесін жамандап, жерден алып, жерге салып жатқандардан аяқ алып жүре алмайсың.
Молдабек бұл жағдайды Айгүл Болатханқызының Facebook желісіндегі пікірлерімен салыстырды. Ол да әлеуметтік желілерге кірсе, бұлқан-талқан болып, негізгі мәселенің қайда жатқанын ақтарып тастайтынын атап өтті.
Осыған ұқсас жағдайды бастан өткерген Ербол Молдабек те жақында әлеуметтік желіге кіріп, бірден қашып шыққанын жеткізді. Ол бір оқиғаға тоқталды.
«Бір жігіт 12 жыл отасқан әйелінің көзіне шөп салып жүргенін біліп қойыпты да, енді не істеймін деп кеңес сұрапты. Кеңестердің түрі мынау: әйеліңіздің көңілін табыңыз, сыйлықтар жасаңыз...»
Бұл кеңестерге таңғалған Молдабек, әйелі опасыздық жасаса, оның қарымтасына еркек оның асты-үстіне түсіп, көңілін аулап, сыйлықтар жасауы керек екенін айтты. Ол мұны әйелдерді көңілдестік жасауға ынталандыру немесе еркектік намысты жерлеп, еркек атаулыны табанның астына таптау деп бағалады.
«Бір қызығы, күйеуі опасыздық жасай қалса, ату керек, ажырасу керек деп шығады. Әйел опасыздық жасаса сыйлық беруіміз керек екен. Бұл қалай... Қылмыскерді жазалаудың орнына, оны марапаттауға шақырғанмен бірдей. Қайда бара жатырмыз?..» — деп алаңдаушылығын білдірді Ербол Молдабек.




