Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Жетісу облысында безгекке қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр

Жетісу облысында Алакөл, Қаратал, Панфилов аудандары және Талдықорған қаласында 150га көлемде анофелогенді су айдындары бар. Безгектің алдын алу мақсатында, безгек масаларына қарсы анофелогенді су айдындарында 3 турмен маусым, шілде, тамыз айларында 150га көлемге өңдеу жұмыстары

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Жетісу облысында безгекке қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр
Жетісу облысында Алакөл, Қаратал, Панфилов аудандары және Талдықорған қаласында 150га көлемде анофелогенді су айдындары бар. Безгектің алдын алу мақсатында, безгек масаларына қарсы анофелогенді су айдындарында 3 турмен маусым, шілде, тамыз айларында 150га көлемге өңдеу жұмыстары жүргізіледі (безгек масаларына қарсы өңдеу жұмыстарына 874 800 мың теңге бөлініп, Фаворит дәрісі сатылып алынды). Бүгінгі күні Қаратал, Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласында 96га өңдеу жұмыстары жүргізілді, жұмыс жалғасуда. Безгек – бұл Anopheles тұқымының масалары арқылы адамға берілетін ауыр жұқпалы ауру. Масалар безгек паразитімен ауруды жұқтырады, содан кейін сау адамды тістеп, сілекей арқылы қанға енеді. Әрі қарай паразит бауырға түсіп, көбейеді, содан кейін қанға қайта бағытталып, кандағы қызыл клетка –эритроциттерді жояды. «Жұқпа жүкті әйелден балаға беріледі және инфицирленген қанды құю арқылы берілуі мүмкін.Аурудың ең ауыр түрі - тропикалық безгек, ол 40% жағдайда өліммен аяқталады. Бұл аурудың негізгі белгілері - қызба, қалтырау, қатты терлеу, бас ауруы, әлсіздік» ,- Жетісу облысының бас санитарлық дәрігері Асхат Чарапиев. Елге инфекцияның әкелінуіне жол бермеу мақсатында ұсынамыз: Безгек бойынша эндемиялық елдерге шыққанға дейін химиопрофилактика курсын алу үшін медициналық ұйымға жүгіну қажет. Сондай-ақ, дәрігерге баруды жоспарлаған ел туралы және болу мерзімі туралы хабарлау керек. Қолдану ұзақтығы тағайындалған препараттың түріне байланысты. Есіңізде болсын, кез-келген препаратты тағайындау міндетті түрде дәрігермен кеңесуді қажет етеді. Нұсқауларға сәйкес масалардың шағуынан қорғайтын құралдарды (аэрозольдер, жақпа) үнемі қолданыңыз. Үй-жайдың терезелері мен есіктерінде масалардың енуінен қорғайтын торлары болуы тиіс. Масалар анықталған жағдайда механикалық немесе қолдану нұсқаулығына сәйкес оларды аэрозольді инсектицидтердің көмегімен жою қажет.

Ұқсас материалдар

Жетісу облысында безгекке қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр · Todayinfo