Todayinfo.kz
ҚоғамБарлық жазбаларды қарау

Жол ортасында намаз оқыған ер адам жауапкершілікке тартылды

Фото: Видеодан скриншот Әлеуметтік желілерде Алматыда жол ортасында намаз оқыған ер адамның бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды  Тodayinfo  ақпараттық порталы. Бейнежазбадан ер адамның дәл жолдың үстінде, көліктің артында намаз оқып тұрғанын көруге болады. Алматы қаласы

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Жол ортасында намаз оқыған ер адам жауапкершілікке тартылды
Фото: Видеодан скриншот Әлеуметтік желілерде Алматыда жол ортасында намаз оқыған ер адамның бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Бейнежазбадан ер адамның дәл жолдың үстінде, көліктің артында намаз оқып тұрғанын көруге болады. Алматы қаласының полиция департаменті ер адамның жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Оның жеке басы анықталып, тиісті әңгіме жүргізілді.
«Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі анықталды. Жолға шығып намаз оқыған Алматы тұрғыны көлік қозғалысына кедергі келтірді. Аталған факті бойынша жергілікті полиция қызметі тексеру жүргізді. 1992 жылы туған азамат С. жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жолда намаз оқуға болмайтынын түсіндірген. Былтыр желтоқсанда Алматыда жұма намазы кезінде бірнеше ондаған ер адам жолдағы көліктерге кедергі келтірген. Сол кезде оңтүстік астананың полиция департаменті бұл факт бойынша тексеру жүргізілгенін хабарлаған.

Ұқсас материалдар

Жол ортасында намаз оқыған ер адам жауапкершілікке тартылды · Todayinfo