Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Өскемендегі «Magnum» супермаркетінде бір жылдан аса уақыт өткен тауарлар сатылып келген

2 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Өскемен қаласындағы Жеңіс көшесі, 10 мекенжайында орналасқан «Magnum» супермаркеті «Время истекло» атты азаматтық бастама аясында тексеруден өтіп, сөрелерден жарамдылық мерзімі әлдеқашан өткен тауарлардың жаппай сатылып жатқаны әшкереленді. Белсенділер бірнеше арба толы бұзылған өнімдерді тауып, кейбір тауарлардың мерзімі бір жылдан да бұрын өтіп кеткенін анықтады. Анықталған заңбұзушылықтар тіркеліп, дүкен әкімшілігіне ресми ескерту жасалды. Басшылық кемшіліктерді жоюға уәде берген.

Алайда арада бір ай өтсе де, жағдай өзгермеді. Қайта тексеріс барысында сөрелерде мерзімі өткен тауарлар тағы да табылып, олардың түрі тіпті көбейгені белгілі болды. Бұл жолы ет өнімдері мен қышқыл-сүт тағамдары да тізімге енген.

Жаңа адамдар қозғалысының өкілдері дүкеннің әрекетіне ашық наразылық білдіру үшін ерекше акция ұйымдастырды: олар үш бөшкеге мерзімі өткен тауарларды толтырып, «Magnum мерзімі өткен өнімдерді сатады», «Бұл қоқыс — сіздерге сатылмақ болған тауар» деген жазуы бар газельге тиеп, қала көшелерін аралап шықты. Кейін химқорғау костюмдерін киіп, «УЛЫ ЗАТ» деп белгіленген бөшкелерді супермаркетке қайта әкеліп, тауарды ресми түрде кері қайтарды.

Демонстративті акция кезінде дүкен желісіне жауапты директор да оқиға орнына келіп, сөрелерде шынымен де жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарлардың көп екенін мойындады. Ол белсенділермен бірге өнімдерді утилизациялау жұмысына қатысып, мұндай жағдайдың енді қайталанбайтынын айтты.

Аманбаева Амина, «Жаңа адамдар» қозғалысының өкілі:

«Мерзімі өткен тауар — мерзімі өткен сана. Бұл тек тамақ туралы мәселе емес, адамдардың уақытқа, іске деген көзқарасы туралы. Егер дүкенге барғанда жарамдылық мерзімі өткен өнімді көрсеніздер — суретке түсіріп, бізге жіберіңіздер. Бұл — үлкен өзгерістерге апарар қарапайым қадам. „Время истекло“ тек тауарларға қарсы күрес емес, бұл — ескірген санаға қарсы күрес. Өзгеріс әрқайсымыздан басталады».

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.