Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Университеттен шыққан шу: Алматыда пәктігі бар студент қыздардың тізімі жарияланып кеткен

14 февраля, 2024 Басты тақырып
Фото: in.pinterest.com
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматыдағы ЖОО-ның әкімшілігі студент қыздардың пәктігіне қатысты ақпараттың таралуы бойынша қызметтік тексерісті бастады, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Qumash telegram каналына сілтеме жасап.

Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пәк студент қыздардың тізіміне қатысты пікір білдірді. Осыған дейін Qumash telegram-каналында Алматыдағы  ЖОО-ның студент қыздарына қатысты ақпарат жарияланды. Онда оқу орнындағы пәктігі сақталған студент қыздардың тізімі тараған еді. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жеке деректерді, әсіресе медициналық сипаттағы деректерді беру бұзушылық екенін атап өтті.

«Мәселе бақылауға алынды, өйткені мұнда тікелей бұзушылық бар. Кінәлілер қолданыстағы заңнама аясында жазаланады деп күтілуде. Жеке деректерді қорғау туралы заң бар. Бұл жерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы сөз болуы мүмкін», — деп атап өтті Нұрбек.

Ол мұндай ақпараттың таралуын жеке мәліметтерге деген салғырттық деп санайтынын айтты. Ал аталған университет, тізімді тарату оқиғасы бойынша қызметтік тексерістің басталғанын мәлімдеді. Одан бөлек құзырлы органдарға шағым түсіргендерін, әрі оқу орнына медициналық қызмет көрсететін клиникамен келісім шартты үзуді де қарастырып жатқандарын хабарлады.

«Бұл мәселені заңнамалық тұрғыдан қатаң реттеу қажет екенін мойындау керек. Жалпы, бұл мәдени мәселе. ЖОО-да осындай фактілер бар екені өкінішті. Жеке деректер өте құпия ақпарат болып табылатыны туралы қатаң заңнамалық қатаң императив болмайынша, мәдениет өзгермейді», — деп түйіндеді министр.

Тізімде екі жүзге жуық қыздың аты-жөні көрсетілген. «Qumash» телеграмм-каналындағы студенттерге қатысты ақпаратқа орай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті де мәлімдеме жасады.

«2024 жылғы 6 ақпанда университетке келісім-шарт негізінде медициналық қызмет көрсететін «Smart Health University City» ЖШС медбикесі What’s app мессенджері арқылы механика-математика факультетінің флюорографиялық зерттеуден өтпеген 3-4 курс студенттерінің Excell форматындағы құжаттарын факультет деканатының маманы жіберген.

  «Алайда, берілген құжаттарда студенттердің тегі мен аты-жөнінен басқа, медициналық құпияға қатысты мәліметтер де болған. Кейіннен университет студенттеріне қатысты дәрігерлік құпияны құрайтын дербес деректер мен мәліметтер мессенджерлер арқылы тарап кеткен.  Осы факт бойынша 2024 жылғы 14 ақпанда университетте қызметтік тексеру тағайындалды. Сонымен қатар Алматы қаласының прокуратурасына осы факт бойынша прокурорлық әрекет ету шараларын қабылдауды және студенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуді сұрап өтініш жолданды. Университет «Smart Health University City» ЖШС-мен шартты бұзу туралы мәселені қарастыруда», — деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

пәктік студент

Оқылып жатыр

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.