Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Петропавлда алқабилер соты үш кісіні өлтірді деп айыпталған ер адамды ақтап алды

6 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Петропавлда алқабилер соты үш адамды өлтірді деп айыпталған ер адамды ақтап алды

Фото: ТЖД

Петропавлда төрт жасар інісін, өзімен бірге тұратын әйел мен оның бір жасар қызын аса қатыгездікпен өлтіріп, өртеп жіберді деп айыпталған күдікті ақталып шықты.

Оқиға өткен жылдың қыркүйек айында болған. Петропавлдағы шағын аудандардың біріндегі жеке үйде өрт шығып, жас келіншек пен екі кішкентай бала қаза тапқан еді. Өрттен аман қалған жалғыз ер адам отбасын өрттен алып шығуға үлгермегенін мәлімдеді.

Алайда араға бір ай салып өрттен аман қалған ер адам “кісі өлтірді” деген күдікпен ұсталды. Қылмыстық іс 2024 жылдың наурыз айынан бері сотта алқабилердің қатысуымен қаралды.

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсі толық дәлелденгенін атап өтті.

Прокурордың айтуынша, 2023 жылдың 25 қыркүйек күні кешке сотталушы бірге тұратын әйелмен жанжалдасып, оның бір жасар қызын ұстап алып, баланы өз бойының  лақтырып жіберген. Нәресте ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған. Содан кейін сотталушы өз інісінің көзінше әйелді тұншықтырып өлтірген. Інісі болған жайды айтып бере ме деп қорқып, оны да тұншықтырып өлтірген.

«Сотталушы К балаларды көрпеге орап, ес-түссіз жатқан келіншекпен бірге верандаға апарып, үйді өртеп жіберген, сол кезде сотталушы қонақ бөлменің терезесін сындырып, көшеге шыққан. Көршілерін көмекке шақырып, өзін де өрттің құрбаны екенін көрсеткісі келген», – делінген айыптау хаттамасында.

Прокурордың мәліметінше, сараптамада өрт салдарынан тек 21 жастағы әйел қаза тапқаны, ал екі баланың өртке дейін көз жұмғаны анықталған.

«Қылмыстың ауырлығы мен қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, соттан К-ны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраймын. Сондай-ақ, К-ның түрмеде алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге тағайындалуын сұраймын», – деді прокурор Роза Жолаушинова.

Сотталушының өзі тергеуде де, сотта да кінәсін мойындаған жоқ. Кіші баласынан айырылған сотталушының анасы да үлкен ұлының кінәсіз екенін алға тартты. Күдіктінің анасы сот пен алқабилерден ұлын ақтауды сұрады.

«Алқабилердің қатысуымен сот үкім шығарды: сотталушы кінәсіз деп танылып, қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды. К-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылсын. К дереу қамаудан босатылсын. Ақталған К-ға заңсыз қудалау салдарынан келтірілген зиянды өтеу құқығы берілсін», – делінген сот үкімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Шешімге апелляциялық шағым берілуі мүмкін.

 

адамды айыпталған алды алқабилер ақтап деп ер кісіні Петропавлда соты үш өлтірді

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.