Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Қасқырдан қорықтым»: Аягөзде боранда адасып кеткен бала оқиғаның қалай болғанын айтты

14 февраля, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Абай облысы Аягөз қаласының тұрғыны 9 жастағы Мерей Иманғали 14 сағат бойы қарлы боранда далада қалған. Ал баланы аман жеткізген тұлпардың аты – Кері айғыр. Оқиғаның мән-жайын жеткіншек пен анасы Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

Мерей кішкентайынан атқа құмар болған, қазіргі күні асау үйретіп жүр. Ол бүгін 9 жасқа толды.

«Аягөздің ішінде Жаңаауыл деген шағын ауыл бар. Сол жерде Мерейдің нағашы атасы Дүйсенғали тұрады. Атқа сол кісінің арқасында құмар болды. Сол атасына барып, аттың қасында жүреді. Сол үйде өзінің қамшысы, жүгені бар», — дейді Мерейдің анасы Ләззат Нартбаева.

Мерей боранда адасатын күні анасына нан әкеп беріп, жылқыға барып келем деп шығып кеткен.

«Ағама еріп, жайылып жүрген жылқыға барады. Содан жылқылар екіге бөлініп кеткен, ағам бөлінген жылқыға кетіп, осы жерде тұр деп ескерткен. Ұлым тоңып кетіп ары-бері жүреді. Тоңып үйге қарай жүрейін деген, бірақ боран соғып, 40 км ықтырып әкеткен», — дейді анасы.

Таңғы сағат оннан бастап іздеу басталған. Баланың айтуынша, тау-тасты аралап әбден қалжыраған.

«Қасқырдан қорықтым. Аттың үстінде ұйықтадым, бірақ ыңғайсыз екен. Аттан түсіп, тізгінін қолыма ұстап алып қардың үстінде ұйықтадым. Ат та жатып, қасымда ұйықтады. Сосын жанып тұрған электр жарығын көрдім. Барсам жол өткелі екен. Бір аға қар күреп жатыр екен. Сол кісі мені үйіне апарды», — дейді Мерей Иманғали.

Балаға жолыққан тұрғын іздеушілерге хабар беріп, баланы сол жерден алып кеткен. Жағдай ішкі істер министрінің ерекше бақылауында болды. Жеткіншекті іздеуге барлығы 100-ден астам адам қатысқан. 5 дрон көтерілген.

 

айтты Аягөзде бала болғанын боранда оқиғаның қалай қалған

Оқылып жатыр

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім

БҚО Қытаймен әріптестікті күшейтті: жалпы құны 134 млрд теңге болатын 14 меморандумға қол қойды

Ақмоладағы Серафимовка ауылында сумен жабдықтау жүйесіне жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматы облысында 1000 түйеден құралған керуен Гиннес рекордын жаңартты

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 1243 гектар аумақ тазартылды

Соңғы жазбалар

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.