Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қазақстан Таиландқа ет пен уылдырық экспорттайды

14 Тамыз, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Астанада Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Таиланд Корольдігінің Премьер-министрінің орынбасары — сауда министрі Пхумтам Вечайячай екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Todayinfo.

Келісім екіжақты экономикалық қатынастарды ұзақ мерзімді және тұрақты негізде дамытуға бағытталған. Қазақстан тай инвесторларын тартып, салық және кедендік баждардан босату сияқты шарттарды ұсына алады. Бұл ел экономикасына оң әсер ете отырып, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді Сауда және интеграция министрлігі.

Бүгінде Қазақстан мен Таиланд арасындағы тауар айналымы 35,9%-ға өсіп, $367,7 млн-ға жетті. Бұл ретте, қазақстандық өнімнің экспорты $55,3 млн-ға дейін ұлғайды.

Министр Таиланд елімен сауда-экономикалық қатынастарды дамытудың маңыздылығын айта келе, экспорт көлемін арттыру мақсаты тұрғанын жеткізді.

— Таиланд Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі сауда серіктесі саналады. Біз металлургия өнімдерін, химия тауарларын, ауыл шаруашылығы мен минералдық ресурстарды қоса алғанда, $900 млн-нан астам сомаға 100-ден астам тауар позициясы бойынша экспортты ұлғайту үшін айтарлықтай әлеуетті көріп отырмыз, — деді Шаққалиев.

Бұл орайда, Қазақстан Таиландқа бал, уылдырық, ет деликатестері, жоғары сапалы алкоголь және басқа да тауарларды жеткізе алады.

Тараптар өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты, оның ішінде қой жүнін қайта өңдеу, мата, былғары және аяқ киім өндірісінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Қазақстан жаңа инвестициялық жобалар үшін бірқатар жеңілдік пен артықшылықтарды ұсынды.

Сондай-ақ, Сауда және интеграция министрі жоғары маржиналды тауарлар саудасын ұлғайту үшін авиакаргоны дамытуды және екі ел арасындағы қолайлы визалық режимді іскерлік белсенділікті жандандыруға қолдануды ұсынды.

Өз кезегінде Пхумтам Вечайячай екіжақты сауда қатынастарын дамыту және өзара сауда құндылығын арттыру тетігі ретінде Қазақстанда сыртқы саудаға жәрдемдесу жөніндегі Таиланд өкілдігін ашуды ұсынды. Ол сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлерді Таиландтағы сауда көрмесіне қатысуға шақырды.

«Таиланд пен Қазақстан әрдайым жақсы қарым-қатынаста болды және біз екі ел де өздерінің экономикалық, сауда және инвестициялық қарым-қатынастарын одан әрі жақсартып, нығайта алады деп үміттенеміз. Соңғы 5 жылда Таиланд пен Қазақстан инвестицияларының жалпы көлемі $100 млн-ды құрады. 2017 жылы Қазақстан жалпы сауда көлемі $172 млн болатын ЕАЭО бойынша Таиланд серіктестерінің рейтингінде 2-орынды иеленді», — деді Таиланд Премьер-министрінің орынбасары — сауда министрі.

 

Ет пен Таиландқа уылдырық экспорттайды Қазақстан

Оқылып жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

Соңғы жазбалар

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.