Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Қазарнаулыэкспортта» бір мезгілде бірнеше басшы ұсталды

29 февраля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Коллаж: ulysmedia.kz.

46 жастағы Рамазанов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау шеңберінде бағаны көтеріп, әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды сатып алу кезінде шамамен 1 млрд теңге бюджет қаражатын ұрлады деген күдікпен қамауға алынғаг. Онымен бірге «Қазарнаулыэкспорттың» басқа да лауазымды тұлғалары, бақылаудағы заңды тұлғалардың басшылары да темір торға тоғытылды. Алайда қаржы мониторингі агенттігі ұсталғандардың тізімін жариялаған жоқ.

Ведомствоның басы бұл даудан арылмай жатып, жаңасы пайда болды. Қараша айында қамауға алынған Рамазановтың креслосын 2011 жылдан бастап «Қазарнаулы экспорт» құрылымында жұмыс істеген Аршат Аяғанов иеленген. Рамазановтың тұсында ол оның орынбасары қызметін атқарған.

Аяғанавты ұстау бойынша агенттік әдеттегідей ақпаратты сараң сипатта таратты: 23 ақпанда броньды әскери техниканы жеткізу бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұсталғанын хабарлады.

Қаржы мониторингі агенттігі үндемей отырғанда, оның теріс қылықтары туралы деректер елдің ақпараттық алаңына жарияланып кеткен-тін.

ҚМА үнсіз отырғанда…

Мәселен, ең көп тараған нұсқаның бірі бойынша Аяғанов жеткізушіге, атап айтқанда, бір кездері белгілі спортшы Вадим Шақшақбаев бастаған Astana MPR Project компаниясына қаражатты негізсіз аударған.

«Қазарнаулыэкспорт» Astana MPR Project-пен жасасқан келісімшарт бойынша Қазақстанның Ұлттық ұланына бірнеше ондаған «Кобра 2» броньды машинасы жеткізілуі тиіс еді. Даудың мәні мынада: Astana MPR Project өзін әскери жабдықтардың қазақстандық өндірушісі ретінде көрсетеді, компания еркін экономикалық аймақта тіркелген, бірақ бұл ретте Қазақстанда өндірілуі тиіс броньды машиналарды әкелгені үшін кедендік баждарды төлейді. Ұсталған Аршат Аяғанов компанияның кедендік төлемдерді төлеуге жұмсаған шығындарын өтеу үшін Astana MPR Project қаражатын негізсіз аударғаны жөнінде ақпарат тарады.

Әзірге расталмаған мәліметтер бойынша, Astana MPR Project Ұлттық ұланынан басқа, Қазақстан Қорғаныс министрлігіне де броньды машиналар жеткізген.

Сонымен қатар, дауға TERRA Motors компаниясының да қатысы болуы мүмкін деген ақпарат бар. Жақында ол компанияда да тінту жүргізілген.

«Қазарнаулыэкспорт» кімге бағынады

Компанияның сайтында «Қазарнаулыэкспорт» Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Үкіметі құрған және қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүліктің импорты, экспорты бағытымен жұмыс істейтіні көрсетілген.

2023 жылы кәсіпорын өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мемлекеттік қорғаныс тапсырысы комитетінің құрамына енген.

2016 жылдан 2019 жылға дейін компания Қазақстан Республикасының цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құрамында болды. Оған есеп берді. 2019 жылдан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қарамағында жұмыс істеді.

Байтас Құрманов

Ulysmedia.kz

бір бірнеше басшы мезгілде Қазарнаулыэкспортта ұсталды

Оқылып жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

Соңғы жазбалар

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.