Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қырғызстан президенті 20 млн доллар тұратын мүлкін заңдастырды

16 февраля, 2024 Саясат
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров 20 млн доллар тұратын мүлкін заңдастырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Facеbook әлеуметтік желісіндегі парақшасында айтты.

«Менің мүлкімнің бағасы – шамамен 20 миллион доллар. Заңдастыру үшін мемлекетке миллион қырғыз сумын (11,2 мың АҚШ доллары) төледім. Бұл заң бойынша талап етіледі. Менің шетелде депозитім жоқ. Бар болса да мен оларды біздің банктерге салып қояр едім», – деді Жапаров.

Оның айтуынша, заңдастыру туралы заң 2023 жылы қабылданған. Бұл Қырғызстанның қалтасы қалың азаматтарының ақшасы мен басқа дүние-мүлкін шетелде ұстамай, өз еліне әкелу үшін жасалған.

«Жасыратыны жоқ, бәріміз өз мүлкімізді біреудің атына рәсімдеп алғанбыз. Ол енді рас. Оған қоса, еліміздің ауқатты азаматтары әлі күнге дейін миллиардтаған ақшасын шетелдік банктерде сақтайды. Бізде ондай байлар көп. Енді проблема болмауы үшін бұл активтерді заңдастыруға мүмкіндік жасап жатырмыз», – деді ол одан әрі.

Сондай-ақ қырғыз елінің президенті мүлікті 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін ғана заңдастыруға болатынын айтты. Одан бөлек, осы мүмкіндікті пайдаланған адамға мемлекет заңдастырылған капиталдың сақталуына 100 пайыз кепілдік беретінін уәде етіп, өзінің мүлкі туралы да айта кетті.

«Ал енді өзімнің жекеменшіктегі ғимаратыма келсем, мәселе былай. Мен өздеріңіз жақсы білетіндей, саясатқа бизнестен келдім. 2005 жылы бизнестен Жогорку Кенешке депутат болып сайландым. Фотодағы ғимарат Бішкектегі Ибрагимов көшесінде орналасқан. Үйдің нөмірі керек болса, айтайын – №95. Біз оны 2005 жылы сала бастадық. Бес жыл салып, құрылысы 2010 жылы бітті. Сәуір революциясынан кейін ол «Ата-Журт» партиясының штаб-пәтері болды. Содан кейін билік бізді оппозиция болғанымыз үшін қудалады. 2020 жылға дейін ғимарат жұмыс істемеді. Бірақ біз салық төлеп отырдық.  2020 жылы президент сайлауында ғимаратты пайдаланып, оны штаб-пәтер еттік. Әрине, ол кезде менің атымда болған жоқ. Оны басқа адамның атына жаздырып қойған едім. Енді Заңдастыру туралы заңды пайдаланып, мен алғашқы болып ғимаратты өз атыма жазып алдым. Сіздер де солай етіңіздер. Қысқасы, мүлікті заңдастырыңыздар. Мен сіздерге үлгі көрсетіп, осы жұмысты өзімнен бастадым. Ертең өкініп қалмаңыздар», – деді ол.

Айтуынша, қазір ғимараттың бағасы шамамен 20 млн АҚШ доллары тұрады. Оның елде де, шетелде де осы ғимараттан басқа мүлкі жоқ.

 

доллар заңдастырды млн мүлкін президенті тұратын Қырғызстан

Оқылып жатыр

Тағы бір елдің президенті жастар көтерілісінен кейін елден қашып кетті

Путин Әлиевке AZAL ұшақ апатына кінәсін мойындады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың АҚШ-тағы кездесуінің фотосуреті жарияланды

Билік үні қалай өзгерді: Назарбаевтан Тоқаевқа дейінгі саяси дискурстың трансформациясы

Саяси күштер өзгеріске дайын ба: Елдегі 7 партия жарғысындағы идеологиялық бағыттарға шолу

Қазақстан — Ресей мен Украина арасындағы соғыста делдал емес: Тоқаевтың мәлімде жасады

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.