Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қырғызстанда TikTok желісінің жұмысына тыйым салынады

17 апреля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қырғызстанның Цифрлық даму министрлігіне қарасты байланыс саласын реттеу және қадағалау қызметі интернет-провайдерлеріне TikTok әлеуметтік желісіне кіруді шектеуді сұрап хат жолдады.

Еске сала кетейік, кеше аталған ведомствоға елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінен хат келген болатын. Онда TikTok-тың қырғызстандық сегментінде, атап айтқанда балаларға арналған ақпарат кеңістігінде «контент цензурасына жүйелі және принципті көзқарас жоқ» делінген. Шенеуніктер Балалардың денсаулығына, олардың дене, рухани және адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу шаралары туралы заңға сілтеме жасап отыр.

«Қырғыз Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 501 қаулысымен бекітілген Радиожиілік белгілеу ережесінің 8-тармағына сәйкес балалардың денсаулығына, олардың интеллектуалдық, психикалық, рухани-адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу мақсатында және «Байланыс туралы» заңның 21-1-бабының негізінде Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті Қырғыз Республикасының аумағында TikTok ақпараттық қызметіне қолжетімділікті шектеуді және 2024 жылғы 18 сәуірге дейін жазбаша жауап беруді сұрайды» делінген мәтінде.

Айта кетсек, Қырғызстанның Мәдениет министрлігі TikTok әлеуметтік желісін бұғаттау туралы өтінішті Цифрлық даму министрлігіне өткен жылдың тамыз айының соңында жолдады. Ведомствоның атап өтуінше, бірқатар үкіметтік емес ұйымдар тарапынан балалардың психикалық дамуы мен денсаулығына кері әсер ететін TikTok әлеуметтік желісінің зиянды әсері туралы алаңдаушылық білдірген өтініштер көбейді.

Бұл шешім қоғамда да, сарапшылар арасында да резонанс тудырды.

Танымал әлеуметтік желіге тыйым салу шағын және орта бизнес мәселелерін ушықтырады, Қырғыз Республикасындағы сөз бостандығы мен демократияға нұқсан келтіреді, жастардың өзін-өзі таныту мүмкіндіктерін азайтады деген пікір тарады.

 

TikTok желісінің жұмысына салынады тыйым Қырғызстанда

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.