Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қызылша ауруының алдын алу және таралуын болдырмау жолдары

3 Маусым, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қызылша туралы жалпы мағлұмат

Қызылша – адамнан адамға ауа тамшылары арқылы берілетін жедел вирустық жұқпалы ауру. Ауру дене қызуының көтерілуі, интоксикация, конъюнктиваның және жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатының қабынуымен, терідегі бөртпелермен сипатталады. Екпе алмаған жағдайда, кез келген адамға жұғатын өте жұқпалы ауру.

Қызылшаның таралу жолдары

Инфекция көзі – қызылшамен ауыратын адам. Вирус ауа тамшылы, сілекей тамшыларымен, түшкіру, жөтелу, сөйлесу арқылы беріледі. Егер адам осы инфекцияға қарсы вакцинацияланбаған болса, науқаспен байланыста болғаннан кейін инфекция 100% жағдайда жұғады. Қызылшаның инкубациялық кезеңі 7-ден 14 күнге дейін созылады. Осы кезеңде науқас айналасындағылар үшін инфекция көзіне айналады.

Қызылшаның белгілері

Ауру айқын бас ауруынан, әлсіздіктен, дене қызуының 40°C-қа дейін көтерілуінен басталады. Біраз уақыттан кейін бұл белгілерге мұрынның бітелуі, жөтел және тәбеттің төмендеуі қосылады. Жарықтан қорқу, көздің жасаурауы, қызаруы, іріңді бөлінділердің пайда болуымен жүретін конъюнктивит қызылшаға тән белгі болып табылады. Содан кейін алдымен бетте, мойында, кейін кеуденің жоғарғы бөлігінде, денеде және аяқ-қолдарда бөртпе пайда болады. Қызылшаға өте тән нәрсе – бөртпе пигментация қалдырады (бірнеше күнге созылатын қара дақтар), ол бөртпе пайда болған ретпен жоғалады.

Қызылшаның қауіптілігі

Егер бұрын қызылша балалар инфекциясы деп саналса, қазір науқастардың негізгі үлесін – бұрын ауырмаған, қызылшаға қарсы екпесі жоқ еңбекке қабілетті жас адамдар құрайды. Қызылша асқынуларымен қауіпті: өкпенің қабынуы (пневмония), ортаңғы құлақтың қабынуы (отит), энцефалит (мидың қабынуы).

Жетісу облысындағы қызылша жағдайы

Жетісу облысы бойынша алғашқы нақтамамен қызылшаның 1645 жағдайы тіркелді, оның ішінде расталғаны 1279. Иммундық статустары бойынша сырқаттанушылық вакцинацияланбаған балалар арасында тіркелуде – 79,4% (жасы жетпей егілмеген (1 жасқа толмаған) – 22,0%, ата-аналардың балаларды вакцинациялаудан бас тартуы — 24,2%, медициналық шектеу — 8,8%, вакцинация туралы құжаттық растамасы жоқ — 24,4%), — дейді Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Асхат Сәкенұлы.

Қызылшаның алдын алу шаралары

Қызылшаның ең тиімді алдын алу жолы — вакцинация. Аурудың таралуын болдырмау үшін тұрғындарды вакцинациямен жоғары деңгейде қамтылуын қамтамасыз ету қажет. Вакцинацияланбаған тұрғындардың пайызының төмендеуі аурудың өршуіне әкелуі мүмкін.

Бұл ретте Жетісу облысында қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау (ҚЖИ) жүргізілді, соның арқасында сырқаттанушылық тұрақталды. Бүгінгі күні қызылшаға қарсы екпе алуға жататын 52356 адам (99%) иммундаумен қамтылды.

Қызылшаның белгілері байқалса, не істеу керек?

  1. Шұғыл медициналық көмекке жүгіну.
  2. Емханаға өз бетінше бармай, дәрігерді үйге шақыру.
  3. Дәрігер келгенге дейін туыстарымен, таныстарымен байланысын азайту.
  4. Жөтелгенде және түшкіргенде ауыз бен мұрынды орамалмен жауып, қолды сабынмен және сумен жиі жуу.
  5. Тыныс алу органдарын қорғау құралдарын қолдану (мысалы, бетперде).
  6. Өзін өзі емдеуге жол бермеу.

Инфекцияға қарсы ең қол жетімді және тиімді шара вакцинация болып табылады. Ұлттық күнтізбеге сәйкес алдын алу екпесі жоспарлы түрде 12-15 айда және қайта егуі 6 жаста жүргізіледі. Қызылшаның арнайы емі жоқ, бірақ вакцинация арқылы сырқаттан қорғануға болады.

қызылша Қызылша ауруы Қызылшаның алдын алу Қызылшаның белгілері Қызылшаның таралу жолдары

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.