Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ринат Зайытов: Алаяқтарға ұрланған қаржыны банктер өздері қайтаруы тиіс

12 февраля, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты банк қызметкерлері мен жергілікті органдардың алаяқтармен сыбайлас екенін сынады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.

Мәжіліс депутаты, AMANAT фракциясының мүшесі Ринат Зайытов кибералаяқтықпен байланысты жағдайларға қатысты алаңдаушылығын білдіріп, банктер мен жергілікті органдардың жауапкершілігін қатаң сынға алды. Ол алаяқтық әрекеттерге банк қызметкерлерінің де қатысы бар екенін атап өтті.

Зайытов алаяқтық әрекеттердің құрбанына айналған азаматтардың мәселесіне назар аударып, бұл мәселеде тиісті органдардың еш шара қолданбай отырғанын жеткізді.

«Кибералаяқтар халықтың шотындағы ақшасын ұрлап, тіпті сырттай несие рәсімдеуге дейін барған. Бұған қарамастан, үкімет пен банктер зардап шеккен азаматтарға көмектесудің орнына, олардың есепшоттарын бұғаттап, жауапкершіліктен жалтарып отыр», – деді депутат.

15 қылмыстық іс қозғалған

Ринат Зайытовтың айтуынша, көптеген алаяқтық әрекеттер банк қызметкерлерінің қатысуымен жүзеге асқан. Мысалы, Қарағанды қаласында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкері 90 зейнеткер мен мүгедектігі бар азаматтың ақшасын жымқырған. Сондай-ақ Талдықорған, Астана және Алматы қалаларында банк қызметкерлерінің азаматтардың жеке мәліметтеріне қол жеткізуге көмектескені дәлелденген.

«2025 жылдың қаңтар-ақпан айларының өзінде ҚР Қылмыстық кодексінің 250-бабы (Өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша – 15, ал 254-бабы (Міндеттеріне адал қарамау) бойынша – 17 қылмыстық іс қозғалды», – деді Зайытов.

«Алаяқтарға тосқауыл қою – банктердің міндеті»

Депутаттың айтуынша, банктер азаматтардың шоттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өз міндеттерін орындамай отыр. Алаяқтардың әрекеттерінен зардап шеккендердің қаржысын қайтару мәселесі әлі де шешімін таппаған.

«Ата заңымызда мемлекеттің басты байлығы – халық деп жазылған. Алаяқтардың құрбаны болған азаматтардың шоттарындағы қаржысын қайтаруды банктер өз мойнына алуы керек», – деді Ринат Зайытов.

Ұсыныстар: Банктердің жауапкершілігі артсын

Ринат Зайытов Бас прокурор Берік Ноғайұлына жолдаған сауалында бірқатар ұсыныс білдірді:

  • Кибералаяқтықтың құрбаны болған азаматтардың шоттарын бұғаттауға тыйым салу;
  • Алаяқтық әрекеттерден зардап шеккендердің шығынын банктер өтеп беруін міндеттеу;
  • Шоттардағы қаржының сақталуына банктердің толық жауапты болуы.

 

 

банк қызметкерлері кибералаяқтық мәжіліс депутаты Ринат Зайытов халықтың қаржылық қауіпсіздігі

Оқылып жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

Соңғы жазбалар

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.