Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Солтүстік Кореяда хот-дог жеуге тыйым салынды

Солтүстік Корея көсемі Ким Чен Ын хот-дог жегендерді жазалауға бұйрық берді Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын тез дайындалатын тағамдарды батыстық мәдениетпен байланыстырып, хот-дог жеуді мемлекетке опасыздық деп атады. Бұл туралы Daily Mail мәліметіне сүйене отырып, Todayinf

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Солтүстік Кореяда хот-дог жеуге тыйым салынды
Солтүстік Корея көсемі Ким Чен Ын хот-дог жегендерді жазалауға бұйрық берді Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын тез дайындалатын тағамдарды батыстық мәдениетпен байланыстырып, хот-дог жеуді мемлекетке опасыздық деп атады. Бұл туралы Daily Mail мәліметіне сүйене отырып, Todayinfo агенттігі хабарлайды. Енді ел аумағында хот-дог сатумен немесе оны үй жағдайында дайындаумен айналысқан кез келген азамат еңбек лагерьлеріне жіберіледі. Бұл шара Солтүстік Кореяның ұлттық құндылықтарды қорғау және батыстық ықпалдан алшақтау саясатының бір бөлігі ретінде қарастырылуда. Сонымен қатар, елде хот-дог жеуге ғана емес, ерлі-зайыптыларға ажырасуға да қатаң тыйым салынған.

Похожие материалы

Солтүстік Кореяда хот-дог жеуге тыйым салынды · Todayinfo