Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Сатыбалдыға халықтың игілігінен байлардың бақыты қымбат па

3 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

МЫҢ АДАМДЫ ЗАРЛАТҚАН КӘСІПКЕР

С.Қожанов ауылы тұрғындарының айтуынша, 1984 жылы халық өз игілігі үшін қаздырған ұңғыма жеке кәсіпкердің меншігіне өтіп кеткен. 14 сотық жерді сатып алған бизнесмен аумақты қоршап алып, жұртты ішіп отырған суынан айырған.

 

«Ауылдағы 150-ге жуық үйде 1 мыңнан астам адам тұрады. Халыққа деп монша салынған. Тұрғындар тегін түсіп, талай жыл рахатын көріп келген еді. 2021 жылы Таштаев Ахметжан деген кәсіпкер 14 сотық жерді сатып алдым деп аумақты қоршап, суды бермей қойды. 2003 жылдан 2023 жылға дейін  біз жалға алып, салығын төлеп, заңды түрде пайдаланып келдік. Кәсіпкер келді де, судан айырды», — дейді тұрғындардың бірі.

 

Наразы халықтың бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Сөзімізге құлақ түрер деп тасжолды жауып, асфальттың үстіне жатқан күндері де болыпты.

 

«Халықты шулата бермесін. 50 де 50 қылып берсін. Обал ғой қара халыққа. Аудан әкіміне де, облыс басшысына да бардық. Шешілген ештеңе жоқ. Шулаған күйі шулап жүрміз. Асфальттың үстіне де жаттық. Ешқандай нәтиже жоқ», — деп мұңын шақты қария.

 

САТЫБАЛДЫ НЕГЕ СЕЛҚОС?

Тұрғындардың бір-ақ талабы бар – кәсіпкер ұңғыманың айналасын – 1 сотық жерді мемлекетке қайтарып берсе дейді.

 

«Біздің жалғыз тілегіміз сол. Сотқа талай жүгіндік. Келесі аптада шешім шығады деп қайтарады. Барсақ, анау жоқ, мынау жоқ деп тағы кейінге шегереді. Содан бері бір жыл өтті, шешім әлі шыққан жоқ. Созбаққа салып отыр», — деп кейіді тағы бір тұрғын.

 

Су азабын талай жылдан бері тартып келе жатқан саурандықтар екі жыл бұрын облыс әкімі Дархан Сатыбалдының алдына барып, мәселелерін өз ауыздарымен айтыпты. Аймақ басшысы 10 күнде шешіледі деп шығарып салған. Одан бері 2 жыл өткен. Тұрғындар әкімге қайта кірейін десе, кіре алмаған.

 

«Дархан Сатыбалды біздің көзімізше бұл мәселені жауаптыларға жүктеген. Олар шешіп бердік деп есеп берген шығар, кім біледі. Әкім біздің ауылға ауыз су әлдеқашан жетті деп ойлап жүруі мүмкін», — дейді саурандықтар.

 

ТЕКЕЛІКТЕР ДЕ АУЫЗ СУҒА ЗАР

Аудандағы Теке ауылының мыңдаған тұрғыны да бір адамның арамдығынан жапа шегіп отыр. Мұнда да ұңғыма орналасқан аумақ кәсіпкерге сатылып кеткен. 950 метр тереңдіктен шығып тұрған ауыз су бүкіл ауылдың, қала берді көрші елді мекендегілердің қажетін өтеп келген.

 

«Бізге монша керек. Егер суды тартып алса, моншаны да жауып тастайды. Халық 50 теңге төлеп, жуынып жүрген. Ұңғыма 1968 жылы қазылған, монша да сол уақытта салынды. Бір күн малшылар, бір күн сушылар келіп жуынады. Енді бұдан да айырылғалы отырмыз. Кәсіпкер 20 сотық жерді сатып алған. 19 сотығына бөлек акті, 1 сотық жерге бөлек акті жасатып, соның ішіне ұңғыманы кіргізіп жіберген», — дейді ауыл тұрғыны.

 

Текеліктер сотқа бірнеше рет арыз түсірген. Шешімін 1,5 жылдан бері сарғайып күтіп келеді.

 

«Адам өлтіргендер сотталып, әлдеқашан бостандыққа шығып үлгерді ғой. Ал мұндағы болмашы мәселені сот та шеше алмай отыр. Ана құжатың жоқ, мынауың түгел емес деп жүз қайтарады. Әлсіздер көніп, бай-бағландар дегенін істей беретін сияқты ғой», — дейді бізбен тілдескен азаматтардың бірі.

 

Тұрғындардың айтуынша, ұл-қызы әкімдікте, мектеп немесе ауруханада істейтіндер бала-шағаға кесіріміз тиеді деп жақ ашуға қорқады. Үндемей бас шұлғуға мәжбүр. Көптің мәселесін көтеріп, шырылдап жүрген санаулы зейнеткер ғана.

 

«500 үй игілгін көріп отырған су. Ішеміз, моншаға түсеміз. Жарық сөніп қалса, бұдан басқа суымыз жоқ. Сонда 500 үй бір адамның аузына қарап, соны ғана байытып отыра ма?», — деп ашынды көпті көрген ақсақал.

 

Үлкендігін көрсетіп, халықты зарлатқан кәсіпкерді райынан қайтармақ болған кейуана да әрекетінен түк шықпағанын айтады.

 

«Кәсіпкер «Тоқаевың да бұза алмайды бұны» деді. Өздерің қайта сатып алыңдар деп отыр. Қазақтың баласы келген жеріне көз салып, оң жағында қандай қоңсық, сол жағында қандай қоңсық – сұрауы керек. Осынша халықты шулатқан сатқан адам да, алған адам да оңбас», — дейді ол.

 

P.S Аталған мәселе “Ұлысмедианың” әлеуметтік желідегі парақшаларында жарыққа шыққаннан кейін, кәсіпкер Таштаева Алтынкөл Дунаевна ауыл адамдарына хабарласып, сотқа беретінін айтқан. Проблемаға қатысты пікір білдірген тұрғындар бізге хабрласып, соттасуға дайын екендерін білдірді.

Дереккөз: ulysmedia.kz

байлардың бақыты игілігінен па Сатыбалдыға халықтың Қымбат

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.