Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Семейде «Адамзаттың Абайы» атты республикалық ақындар айтысы басталды

8 Тамыз, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар легі жалғасуда. Онкүндіктің сегізінші күнінде Семей қаласындағы Абай атындағы театрда «Адамзаттың Абайы» атты республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылды.
Өнер додасына еліміздің әр өңірінен келген он екі айтыскер ақын қатысып жатыр. Олардың қатарында «Айтыстың ақтаңгері» Айбек Қалиев, Мақсат Ақанов, Мұхтар Ниязов, Рүстем Қайыртайұлы, Жансая Мусина, Аспанбек Шұғатаев, Мейірбек Сұлтанхан сынды 6 «Алтын домбыра» иегері бар. Бұдан бөлек Әсем Ережеқызы, Шұғайып Сезімхан, «Асыл домбыра» иегері Айбек Жеңісқазин, Серік Қуанған, Қуандық Кенжебекұлы, Өміржан Көпбосынов секілді ақындар сөз сайысының көрігін қыздыруда. Айтыс жүргізушісі – белгілі айтыскер ақын, Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтаев. Қазылар алқасының төрағасы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман. Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сауытбек Абдрахманов, ақын Төлеген Жанғалиев, Дәулеткерей Кәпұлы, Серік Қалиев, Қалқаман Сарин, Парламент Мәжілісінің депутаттары Ринат Зайытов, Жанарбек Әшімжан, айтыскер ақындар мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының Абай облысы филиалының төрағасы Дәулет Сметов айтысқа қазылық етеді.
May be an image of 1 person and crowd
Республикалық айтыстың ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли қатысып, айтыскерлерге сәттілік тіледі.
«Абай қазақ ренессансының, яғни, қайта өрлеуінің басында тұрған қазақ. Сол ренессанстың шарықтау шегі – алаш қайраткерлері. Абай елі, Семей жері – тұңғыштар мекені. Қазақ даласындағы тұңғыш театр, тұңғыш баспа, тұңғыш футбол клубы, тұңғыш телеграф, тұңғыш банк, тұңғыш цирк Семей жерінде дүниеге келді. Қазақтың тұңғыш кәсіби әншісі Әміре Қашаубаев Семей топырағынан түлеген. Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған Абайды да тұңғыш деуге толық қақымыз бар. Сондықтан тұңғыштар жеріне қош келдіңіздер. Бұл жолғы айтыс бұрынғы айтыстардан өзгерек. Олай дейтініміз, мықты ақындардың барлығы ортамыздан табылып отыр. Алдарыңызда тұрған 12 ақынның алтауы «Алтын домбыра» иегері. «Айтыстың ақтаңгері» Айбек Қалиев те ортамызда. Мұндай айтыс Семей жерінде көптен бері өткен жоқ. Бүгінгі сөз додасында ақындар елді бірлікке шақырып, салмақты, салиқалы сөз айтады деп сенеміз. Абай тойы құтты болсын!» деді аймақ басшысы.
May be an image of 10 people, dais and text that says 'AA PECI AЙTblCbl 6AИbl AИTblCb PIT AEIZTA'
Айтыс барысында «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталып, өңірдің бірнеше ақыны айтыскер ақындар мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшелігіне қабылданды.
Айта кетейік, қала тұрғындары айтысты емін-еркін тамашалауы үшін Абай театрының алдына лед-экран қойылған.

Оқылып жатыр

Саржал ауылында жаңа спорт модулі салынып жатыр

Бесқарағай ауданында жүзу бассейнінің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бородулиха ауданының Михайличенково ауылында өрт сөндіру пункті ашылды

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Шәріптоғайда заманауи емхана ашылды

Көкпекті аудандық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізілді

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

Соңғы жазбалар

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.