Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Су басқан өңірлердегі оқушылар ҰБТ-да төмен балл жинауы мүмкін – сенатор

18 апреля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстандағы су басқан өңірлерде оқушылар ҰБТ-да төмен балл жинауы мүмкін. Бұл туралы сенатор Ғалиасқар Сарыбаев айтты, деп хабарлады Todayinfo тілшісі.

Сенатордың айтуынша, бүгінде төтенше жағдай жарияланған 41 елді мекеннен 117 мың 617 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Оның ішінде 43 887 бала бар. 18 651 адам өз үйіне оралды.

Сондай-ақ 92 мың 34 адам туыстарының үйінде, 6 932 адам уақытша орналастыру пункттерінде. Оның ішінде 3143 бала бар. Өкінішке қарай, 8 білім беру объектісі су астында қалған.

Ғалиасқар Сарыбаевтың пікірінше, табиғи апат болған өңірлерде оқушылардың ҰБТ-ға дайындығы төмен.

«Су тасқынына байланысты еліміздің 11 облысында оқушылар сәуір айынан бастап қашықтан оқуға көшті. Оқыту процесі су басу қаупі бар 56 мектепте, сондай-ақ уақытша қабылдау пункттерінде орналасқан 32 оқу орнында ұйымдастырылды. Эвакуациялық пункттерде балаларға қажет барлық жағдай жасалған. Алайда төтенше жағдай биыл мамыр-маусымда өтетін мемлекеттік білім гранттарын алу конкурсына қатысу үшін оқушылардың ҰБТ-ға дайындалуына кері әсерін тигізді», — деді депутат премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында.

Сенатордың айтуынша, балаларды ҰБТ-ға дайындау саласындағы реттеуді мемлекеттік органдардың бірде-бірі іске асырмайды. Өйткені, бұл функциялар Оқу-ағарту министрлігінде де, Ғылым және жоғары білім министрлігінде де көзделмеген.

«Бұл ведомстволар үшін талапкер оқушы емес, ал оқушы студент емес. Осыған байланысты біз зардап шеккен аймақтардағы түлектердің тағдырына алайдаймыз. Апатты табиғи жағдайға байланысты бұл балалардың ҰБТ-да төмен нәтиже алып, мемлекеттік білім беру гранттарына қол жеткізе қалмай қалуы сөзсіз», — деді Ғалиасқар Сарыбаев.

 

Су басқан өңірлерде ҰБТ-дан өтетін қанша түлек бары белгісіз.

«Төтенше жағдайда әдетте оқу процесіне қатысты іс-қағаздардың, жеке басын куәландыратын құжаттардың жоғалуына әкеледі. Осыған байланысты уәкілетті министрліктер түлектердің құжаттарын тезірек қалпына келтіруге көмектесуі қажет. Себебі оқу маусымының бітуіне бар болғаны 38 күн қалды. Ал төтенше жағдайда қалған қанша бала оқуды бітіретіні әлі анықталмаған», — деді ол.

Екіншіден, су басқан аймақтарда ҰБТ өткізу пунктері де зардап шеккен болуы мүмкін. Ол да әлі қарастырылмаған. Тестілеудің екінші кезеңі алдында олардың қызметін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау қажет.

«Үшіншіден, екі бейінді министрлік қалыптасқан жағдайды назарға алып, түлектерді ҰБТ-ға даярлауға және олардың жоғары оқу орнына түсуіне жәрдемдесу жағын қарастырса, меншік иелігіне қарамастан әрбір ЖОО басшылары жастарға деген қамқорлық ретінде ректор гранттарын тағайындаса абзал болар еді. Төртіншіден, әлеуметтік көмек көрсетудің үлгілік қағидасында табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа, отбасына не мүлкіне залал келтірген жағдайда, азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздеме белгіленген. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламасы шеңберінде алдын ала қаражат қарастырып, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан талапкерлерге қолдау көрсетуі керек.Бесіншіден, талапкерге жоғарғы оқу орнына түсуі кезінде қажет медициналық тексеру тегін және бірінші кезекте берілгені дұрыс», — деді депутат.

 

балл басқан жинауы мүмкін оқушылар сенатор су төмен ҰБТда өңірлердегі

Оқылып жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

Соңғы жазбалар

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.