Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Танымал сазгер Тоқтар Серіковті сотқа беретінін айтты

4 Маусым, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Сазгер Арайлым Мамырбек танымал әнші Тоқтар Серіковті сотқа беретінін мәлімдеді. Себебі Серіков Мамырбектің әнін ұрлап алған көрінеді. Бұл туралы ол Assyltas TV Youtube-арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz.

«Бір күні ақпан айында оның концертін көзім шалып қалды. Бір кісі «Мынау сенің әнің ғой» деп салып жіберіпті. Сөзін өзгертіп тастаған. Әуені айнамай ұқсап тұр енді. Жатып кеп телефон нөмірін іздедім, тапқан нөмірдің бәріне «Мына екі ән қалай ұқсап кеткен» деп жаза бердім. Үн жоқ, екінші рет қайта жазғанда мені бұғаттап тастады. Сосын көмекшісіне телефон соғып едім, «Ол кісі қазір концерттерден босамайды. Сізбен сөйлесуге мүлдем уақыты жоқ» деп жауап берді. «Әлгі әнді концерттерде айтпасын, алдымен менімен кездесіп, осының ақ-қарасын ажыратып алайық» деп оған айтып едім, «Жоқ, ол әннің сөзі де, әні де Тоқтардыкі» деп мойындамады. «Сіздің әніңіз соншалықты хит пе еді, байбалам салатындай не көрінді» деп өзіме қарсы шықты», — деді сазгер.

Арайлым Мамырбек бұл әнді 2021 жылы жазған екен. Бірақ сөзі ұнамай, артынша басқа ақынға қайта жаздырған көрінеді.

«Сөзін Светқали Нұржан ағаға қайта жаздырғам. Ол кісі бірден келісіп, 2022-жылдың сәуір айында «Баба дала баяны» деген атпен ән толық жазылып бітті. Бірақ дер кезінде оның аранжировкасын істеп, бейнебаянын түсіре қоятын қаражат болмады. Біраз жүріп қалдық. Қараша айында орындап шықтық, сайттарға тарқаттық. Мына жағдайдан кейін мен әлеуметтік желіде «Әнімді қайтарыңыз, Тоқтар аға!» деп пост жазып салдым. Ол кісі бәрін біліп, естіп отыр. Бірақ бір рет менімен байланысқа шығып, «Бұл былай еді, қарындасым» деп мәселені шешуге тырысқан жоқ», — деді Арайлым Мамырбек.

Сазгер енді Серіковті сотқа беретінін айтты.

«Сәуір айында Тоқтар Серіков ләм-мим деместен менің әнімді «Ауылым» деген атпен бүкіл платформаларға тарқатып тастады. Осы жағдайдан кейін менің жүйкем сыр берді. Ішімнен шыққан әнімді айдың-күннің аманында иемденіп кете салғаны жаныма батты, денсаулығым нашарлап кетті. Елдің бәрі «Сен Тоқтардың әнін ұрлап айтып жүрсің» деп жазатын болды. Осыдан кейін сотқа шағымданып, әнімді өзіме қайтарып алғым келеді. Дәлелдеуге шамам жетеді, материалдық және моральдық шығын талап етемін», — деді Арайлым Мамырбек.

 

айтты беретінін сазгер Серіковті сотқа танымал Тоқтар

Оқылып жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

Соңғы жазбалар

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.