Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондарын өндіретін зауыт іске қосылады

2 Шілде, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық берілген. Аймақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы өте сәтті жүзеге асып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданындағы аталған өндірістік паркті аралап, жүзеге асырылған және енді іске қосылатын жобалармен танысты. Жауаптыларға инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

– Біздің басым бағытымыз – өндіріс орындарын ашу. Одан басқа жол жоқ. Өндірістік парктегі әрбір ғимаратта өндіріс орындары жедел іске қосылып, жұмыс орындары ашылуы тиіс. Ал ғимаратты алып, жобаны кешіктіргендермен жұмыс жүргізіңіздер. Нысанды басқа инвесторлар мен кәсіпкерлерге ұсыну қажет. Жұмыстар жоспардан кешікпеуі керек, – деді Нұралхан Көшеров.

Облыс әкімі «AVATAR AGRICULTIRAL TECHNOLOGY DEVELOPMENT» компаниясының өндіріс орнында болды. Бұл компаниямен жыл басында ауыл шаруашылығы дрондарын шығаратын зауыт ашу бойынша келісім жасалған болатын. Жобаның болжамдық құны – 5 млн. АҚШ доллары. Қуаттылығы айына – 600 дана. Бүгінде қытайлық инвестор ғимаратты өндіріске бейімдеп, арнайы құрал-жабдықтарын жеткізе бастады. Жұмыстың басым бөлігін негізінен роботтар атқарады деп күтілуде. Өңір басшысы инвестормен пікір алмасып, жобаға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Аталған зауыт ашылған соң елімізді ауыл шаруашылығы дрондарымен қамтуды көздеп отыр.

Өңір басшысы ауыл шаруашылығы техникаларын, тұрмысқа қажетті пакет шығаратын, жиһаз өндіретін және өзге де кәсіпорындарды аралап көрді. Жылу қазандықтарын құрастыру жоспары да пысықталды. Кәсіпкерлер мен инвесторлар жұмысты бастауға қолайлы жағдай ұсынған облыс әкімдігіне ризашылықтарын білдірді. Алдағы уақытта өндірістік парк жаңа жобалармен толығады деп жоспарланып отыр.

Оқылып жатыр

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім

Түркістан облысында ауқымды «Аq-dala» мақташылар фестивалі өтті

Түркістан облысында тұмау мен жрви-ге қарсы екпе салу жұмыстары жүріп жатыр

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды

Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай Түркістанда сенбілік өтті

Түркістанда түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылып, қолөнершілердің халықаралық фестивалі өтті

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.