Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Жемқорлықты жазамен емес, мәдениетпен жеңуге болады — Дидар Смағұлов

28 Шілде, 2025 Ақпарат комитеті
Фото: жеке мұрағат
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: https://www.facebook.com/saintdid

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов еліміздегі жемқорлықпен күрес жүйесі, заңнамалық өзгерістер, қоғамдық бақылау және ашықтықтың маңызы жөнінде кеңінен тоқталды. Сарапшының пікірінше, мәселе тек заңда емес -сана мен көзқарасты түбегейлі өзгерту қажет,деп хабарлайды Todayinfo.

Жемқорлықпен күрес күшейіп жатыр: заң неге жеткіліксіз?

Қазіргі таңда жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілген: пара алғаны үшін түрмеге қамау, бірнеше есе айыппұл салу қарастырылған. Мысалы, пара сомасының елу еселенген мөлшерін мемлекетке қайтаруға міндеттеледі. Сонымен қатар, қазіргі заңнамаға сәйкес, жемқорлар шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыға алмайды. Бұрын мұндай мүмкіндік болған: тергеу мен абақтыдағы уақыт қосылып, 10 жылға сотталған адам 3 жылдан соң босап шығатын. БАҚ-та «10 жыл алды» деп жарияланса да, шын мәнінде 2–3 жылдан соң бостандыққа шыққан мысалдар жиі кездесетін. Бұған Бишімбаев соты дәлел.

Дегенмен, заң қанша қатаңдаса да, жағдай түбегейлі өзгеріп отырған жоқ. Себебі тек жазалаумен нәтиже шықпайды. Мысалы, Қытайда жемқорлық үшін өлім жазасына дейін кеседі. Бірақ ресми дерекке сүйенсек, жыл сайын мыңдаған адам жемқорлық үшін ату жазасына кесілгенімен, көрсеткіш тұрақты – жемқорлық деңгейі төмендемей отыр. Демек, басты құрал – алдын алу жұмыстары, қоғамдық сана мен мәдениетті өзгерту.

Жемқорлыққа қарсы мәдениет қалай қалыптасады?

Бірінші қадам – жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Қоғамда жемқор адамды құрметтемеу, тойға шақырмау, төрге шығармау сияқты көзқарас қалыптасуы тиіс. Бұрын парақорлар құрметті қонақ саналса, бүгінде халық ақшаның қайдан келгенін түсінетін болды. Бірақ бұл көзқарас толық өзгерді деу қиын.

Екінші маңызды бағыт – ашықтық пен есептілік. Мысал ретінде Гонконгты алайық. 1970-жылдары ондағы жемқорлық деңгейі 92–93% болған. Яғни, кез келген құжатты алу үшін пара беру – қалыпты құбылыс еді. Олар не істеді? Заңды қатайтып, “заңсыз баю үшін жауапкершілік” нормасын енгізді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің мүліктері жария етіліп, халыққа бақылау тетіктері берілді.

“Заңсыз баю үшін жауапкершілік” деген не? Егер шенеунік өмір бойы мемлекеттік қызметте жүріп, жалақысы 300–400 мың теңге болса, бірақ элиталы үйде тұрып, қымбат көлік мініп, баласын шетелде оқытып отырса – бұл күдік тудырады. Яғни, активтері табысымен сәйкес келмейді. Бұл ешқандай ертегі, фантастика емес. Мұндай жағдайлар бізде күнделікті кездеседі. Бірақ бұл деректер жабық, себебі жеке өмірге қатысты ақпарат қолжетімсіз.

Дамыған елдерде мұндай ақпараттар ашық. Егер шенеунік табысын дәлелдей алмаса, артық мүлкі тәркіленеді, өзі түрмеге жабылады. Бізде бұл норма 2027 жылдан бастап күшіне енеді. Президент тиісті заңға қол қойды. Егер шенеуніктің табысы мен активтерінің айырмасы 10%-дан асса, мүлкі тәркіленіп, өзі жұмыстан босатылады. Айта кетерлік жайт, бұл норма БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясында бұрыннан бар. Қазақстан бұл құжатты 2008 жылы ратификациялағанымен, заңнамаға енді ғана енгізіп отыр.

Осы норманың енгізілуі – шенеуніктерге “ұрлаған ақшаны пайдалана алмайсың” деген ескерту. Демек, заңсыз табысқа қызығу да азаяды.

Ашық декларация мен мемлекеттік сатып алудағы шектеу неге маңызды?

Мәселе – декларацияның ашықтығында. Қазіргі заңнама бойынша тек кейбір шенеуніктердің ғана декларациясы ашық. Ал дамыған елдерде барлығының декларациясы – ашық әрі қоғамдық бақылауға қолжетімді.

Тағы бір маңызды сала – мемлекеттік сатып алу. Бұл – ең жемқор сектор. Кей деректерге сәйкес, әрбір бесінші жемқорлық фактісі осы салада тіркеледі. Қазір, мысалы, кәсіпкер қаламды 100 теңгеге сатып алып, мемлекетке 10 000 теңгеге сата алады. Арадағы 9 900 теңге пайда – заңсыз байлық болса да, бізде бұл реттелмейді.

АҚШ пен Еуропада мемлекеттік сатып алудан кәсіпкердің пайдасы 20%-дан аспауы тиіс. Артық табыс заңсыз деп танылады. Бұл талап – халық қаржысын үнемдеуге бағытталған. Қазақстанда мемлекет салықты көтеріп, ақшаны қайдан табарын білмей отыр. Ал мемлекеттік сатып алуға осындай шектеу енгізілсе, миллиардтаған қаржы үнемделер еді.

Яғни, егер менің ұсыныстарым жүзеге асса, сарапшы ретінде сенімді түрде айта аламын – 5 жыл ішінде еліміздегі жемқорлық ең төменгі деңгейге дейін азаяды.

Жемқорлық азайып келе ме, әлде ұлғайып отыр ма?

Қоғамдық бақылау туралы заң қабылданып, азаматтардың жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуына мүмкіндік берілді. Бұл өз нәтижесін беріп жатыр.

Халықаралық деңгейде ең беделді рейтингтердің бірі – Transparency International ұйымының Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі. Бұл индекс тек жемқорлық деңгейін емес, сонымен бірге БАҚ-тың бостандығы, демократия, азаматтық қоғамның дамуын да ескереді. Егер БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдарға қысым болмаса, рейтинг жоғарылайды.

Алайда соңғы жылдары, әсіресе биыл, өкінішке қарай, БАҚ пен ҮЕҰ-ға қатысты қысым фактілері тіркелді. Бұл келесі жылдары рейтингіміздің төмендеуіне себеп болуы мүмкін.

Себебі жемқорлықпен күресте тұрақты және жүйелі әрекет қажет. Демократия дамымайынша, жемқорлық азаймайды. Бұл менің жеке пікірім емес – халықаралық тәжірибе дәлелдеген аксиома. Осы орайда еліміздің Премьер-министрі Олжас Бектенов те атап өткендей: «Жемқорлықпен күрес – ең алдымен демократияны дамыту». Демек, ашық, белсенді БАҚ пен ҮЕҰ-лар болса, бақылау күшейіп, жемқорлықтың жолы кесіледі.

Оқылып жатыр

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

Соңғы жазбалар

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.