Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

28-маусым БАҚ күні: Жетісу облысында журналистердің жалақысы 30 пайызға көтерілді

28 Маусым, 2025 Жетісу облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жетісу облысы құрылған 3 жылдың ішінде БАҚ саласына елеулі көңіл бөлініп, ақпарат саласы мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылды, сала мамандарының әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту бағытында нақты шаралар қабылданды. Ад күні-түні тынбай ақпарат тарататын БАҚ өкілдерінің жалақсы 30 пайызға көтерілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, «Жетісу» телерадиокомпаниясы мен «Жетісу медиа» орталығы қызметкерлерінің жалақысы биылдан бастап 30 пайызға көбейді. Журналист үнемі жол үстінде жүретін кәсіп иесі болғандықтан, «Жетісу медиа» орталығына соңғы үш жылда үш жеңіл автокөлік сатып алынды. Соның ішінде биыл 7 орындық «Hyundai CUSTIN» минивен автокөлігі берілді.

Осы жылы «Жетісу» телеарнасына жедел ақпарат таратуға қажетті екі тікелей эфир тарату құрылғысы сатып алынып, облыстың кез келген жерінен эфирге шығуға мүмкіндік жасалды. Сол сияқты заманауи телестудия сатып алынды. «Жетісу» радиосына заманауи құрал-жабдықтар мен тарату құрылғылары орнатылып, Талдықорған мен қала маңына ғана тарайтын радио толқыны енді облыстың барлық аудан-қалаларына жеткізіліп отыр.

— Тұрақты қолдаудың арқасында облыстағы жергілікті БАҚ саласы жаңа заман талабына сай жаңа өзгерістерге бейімделіп, жаңа медианы меңгеруде. Соның ішінде  журналистиканың мультимедиалық бағытын дамытуға басымдық беріп отырмыз. «Жетісу», «Вестник Жетісу» газеттерінің интернет-ресурстары бірегей формада жаңарды. Өңірде шыққанына бір ғасыр болған басылымдарымыз да бар. Биыл «Жетісу» газетіне 107 жыл, «Жетісу шұғыласы» газетіне 95 жыл болса, ал келесі жылы «Жаркент өңірі» газетіне 105 жыл толады, — деген болатын облыс әкімі Бейбіт Исабаев БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиындағы сөзінде.

Осы орайда облыс құрылғаннан бергі үш жылда ақпарат саласында жүрген кәсібіне адал, біліктілігі жоғары мамандарға 1 «Құрмет» ордені, 5 «Еңбек ардагері», 3 «Ерен еңбегі үшін» медальдары, 6 «Ақпарат саласының үздігі» марапаттары берілгенін де атап өтуге болады. Биылғы кәсіби мерекеде мемлекеттік марап алғандар қатары тағы да толыға түсті.

Бұған қоса «Жетісу» телеарнасы республикалық «Тұмар» байқауында екі мәрте топ жарды. Облыстың өзінде жыл сайын БАҚ өкілдеріне арналған «Құлагер» байқауы ұйымдастырылып келеді. Бұл да өз кезегінде журналистер қауымын ынталандырудың, еңбегін лайықты бағалаудың бір көрінісіне айналды.

Оқылып жатыр

Ақсу қант зауыты тәулігіне 3 мың тоннаға дейін өнім қабылдайды

Жетісу облысында Конституция күніне орай жаңа зауыт іске қосылды

Жетісуда ауыл тұрғындарының өтініштері кезең-кезеңімен орындалып жатыр

«Тоқаевтың атын жамылған алаяқ»: мәслихат депутаты жетісулық кәсіпкерді 130 млн теңгеге алдаған (ВИДЕО)

Биыл Жетісу облысында 41 мыңнан астам оқушының мектепке жиналуына көмек көрсетіледі

Президент Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Соңғы жазбалар

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.