Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Жетісу облысына тартылған инвестициялар көлемі 1,4 есе өсті

17 февраля, 2025 Жаңалықтар
Zhenis ISKABAY
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Жеңіс Ысқабай

2024 жылдың қорытындысы бойынша аймақ экономикасына 522 миллиард теңге инвестиция құйылған. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1,4 есеге артық. Оның ішінде жеке инвестицияның үлесі 394 миллиард теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдан 1,7 есеге өсті. Жалпы өткен жылдың қорытындысында қысқа мерзімді экономикалық индикатор бойынша көрсеткіш облыста 114,8 % құрап, республикада 2-ші орыннан көрінді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Jetisy» телеарнасы студиясында облыстық БАҚ өкілдеріне берген кеңейтілген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір басшысының айтуынша, өткен жылы өнеркәсіп саласында 200 жұмыс орнын ашқан «Asma Industrial» өндірістік аккумуляторлар зауыты іске кірісті. Сонымен қатар біраз жыл бойы жұмысы тоқтап тұрған майлы дақылдар өңдейтін «Жетісу Мажико» агрокешені былтыр қайта іске қосылды.

— Ал биылғы жылдың жоспарына келсек, Талдықорғандағы «Қайнар АКБ» зауытының өнеркәсіптік аккумулятор батареяларын шығаратын жаңа жобасы іске асырылады. Жобаның құны 10 миллиард теңгеден асады, 150 жұмыс орнын ашу межеленген. Бұдан бөлек, биыл Кербұлақ ауданында ең ірі инвестициялық жоба тау-кен металлургия комбинаты іске қосылады. Құны 1,3 триллион теңге. Комбинатта 2000 жұмыс орны ашылып, жергілікті жұртшылықты жұмыспен қамтиды. Өткен жылы осы жоба бойынша теміржол желісі, қойма ғимараттары салынған болатын. Ал биыл құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. Талдықорғандағы «Басқуат» жылыту қазандығының аумағында тұрмыстық қалдықты қайта өңдеуден өткізетін зауыттың құрылысы жүреді, келесі жылы құрылысты аяқтау жоспарда бар, — деді Б. Исабаев.

Өңірдің көлік-логистикалық әлеуеті жайына тоқталған өңір басшысы  «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы облыстың экономикалық өсу нүктесі екенін атап өтті.

Мысалы, жыл басында жел генераторлары мен энергия жинақтау жүйелерін шығаратын заманауи зауыт салу жобасы іске асырыла басталды. Жобаның құны — 40 млн АҚШ доллары, 300-ден астам жұмыс орны ашылады.

Биылғы жылдың соңына қарай арнайы экономикалық аймақ аумағында «SKYHANSA» ЖШС-ның заманауи үлгідегі әуежайдың құрылысы басталады деп күтілуде. Жүк және жолаушылар терминалын қамтитын жоба қолға алынады. Оның құны 250 миллиард теңгеге тең.

Қысқаша айтқанда, 2025-2027 жылдары Жетісу облысында 120-дан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

Облыс әкімі атап өткендей, ел Президентінің тапсырмаларын ескере отырып,  өңірді дамытудың осы жылға арналған бірнеше негізгі бағыттары айқындалды. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, өнеркәсіп секторын дамыту, туризм, цифрландыру салалары бар.

Бейбіт Исабаев Жетісу облысы инвестиция

Оқылып жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

Соңғы жазбалар

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.