Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Жоғарыдан тағайындалған, мәселеге терең бойлай алмайды: Елімізде халықтың сот жүйесіне деген сенімі азайған

19 Тамыз, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: ile-tany

Елімізде сот жүйесі орандарына деген сенім 61,8-ден 60,5 пайызға төмендеген. Яғни сот жүйесіндегі реформалардың үздіксіз жалғасып жатқанына қарамастан респонденттер сенімінде ілгерілеушілік байқалмай отыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының жылына екі рет жүргізетін сот жүйесі органдарына респонденттердің сенімділік дәрежесі бойынша сәуір-мамыр айларында жүргізілген зерттеуінің қорытындысы жарияланды. Қазан-қараша айларындағы соңғы зерттеуде халықтың сот жүйесі органдарына сенімі сәуір-мамыр айларындағы зерттеумен салыстырғанда  61,8-ден 62  пайызға, ішінара сенетіндері 25,9-дан 27,1 пайызға өскені байқалған. Сондай-ақ сенбейтін сияқтымын деп екіойлы боп жүргендері 3,4-тен 3 пайызға, сенбейтіндері 2,9-дан 2,7 пайызға, жауап беруге қиналатындары 6-дан 5,2 пайызға төмендеген еді. Бұл жолы сенетіндер 60,5 пайызды, ішінара сенетіндер 28,5 пайызды, сенбейтін сияқтымын дегендері 3,1 пайызды, сенбеймін дегендері 2,3 пайызды, жауап беруге қиналғандары 5,6 пайызды құрап отыр.

Былтырғы  сәйкес кезеңмен салыстырғанда биыл сот жүйесі органдарына сенбейтіндер 2,9-дан 2,3 пайызға, сенбейтін сияқтымын деп күмәнданатындар 3,4-тен 3,1 пайызға,  жауап беруге қиналатындар 6-дан 5,6  пайызға азайғанымен, ішінара  сенетіндер 25,9-дан 28,5 пайызға өскен. Сондай-ақ  сот жүйесі орандарына  деген сенім 61,8-ден 60,5 пайызға төмендеген. Яғни сот жүйесіндегі реформалардың үздіксіз жалғасып жатқанына қарамастан респонденттер сенімінде ілгерілеушілік байқалмай отыр. Қайта ол өсудің орнына төмендеп бара жатыр. Осындайда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Михаил Есеналиевтің: «Қоғамдық пікірмен санаспай, ісіміз алға баспайды. Өз халқымызға, дәлірек айтқанда, өз ұлтымызға жанымыз ашымай, көсегеміз көгермейді» дегені еріксіз еске түседі. Өйткені сот жүйесінің органдарына сенбеу себептері ретінде респонденттердің 26,3 пайызы бірыңғай  сот тәжірибесінің жоқтығымен; 13,8 пайызы  судьялардың кәсіби деңгейінің төмендігімен; 11,4 пайызы оларды сыбайлас деп санағандықтан; 10,3 пайызы судьялардың атқарушы билік пен құқық қорғау органдарына тәуелділігімен; 0,4 пайызы бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтерімен байланыстырған.

Бірыңғай сот тәжірибесі деген кезде жұртшылық бюджеттің миллиардтаған қаржысын талан-таражға салғандар мен миллиондардың есебінен жаңылысқандарға тағайындалған сот үкімдерінің  арасындағы айырмашылықты айтып меңзеп отырғаны анық. Судьялардың кәсіби деңгейі деген өмірлік тәжірибесі аз, алдына дауласып келген адамдардың ісін қараған кезде қағазға түсіп хатталған заңдардан қарыс қадам шыға алмайтын және халықтың сан ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан жазылмаған заңдарының мәніне терең бойлай алмайтын, халық өзі таңдап би сайламаған, тек жоғарыдан тағайындалған судьялардың іс-әрекетіне берілген баға.

Сыбайластық деген көрер көзге сырттан кімнің ақ, кімнің қара екені айқын көрініп тұрса да, істі біржақты қарайтын, алайда өзінің ос әрекеті үшін халықтың алдында ешқашан өзінің жауапкершілігін сезінбейтін тоңмойындық.  Заң бойынша тәуелсіз аталғанымен, өз жұмысын атқару кезінде лауазымы өзінен жоғары сот пен атқарушы билік органдарына қаржылық, материалдық, техникалық тұрғыдан тәуелді болғандықтан, қарсылығын ашық айта алмай  бетегеден биік, жусаннан аласа боп жүрген қалалық. аудандық судьялар еріксіз еске түседі. Ал сот процесі аяқталмай жатып, екі тараптың уәжін бірдей тыңдамай, біржақты түрде ақпарат таратып, қоғамдық пікірді өзгертуге тырысып, іске қатысты өз болжамын тықпалайтын БАҚ-тардың әрекетінен кейін кейбір даулы істер толық қаралмай, жарым-жартылай аяқталып жататын жағдайлар жиі болмаса да  кездесіп қап жатады. Сондықтан мәселенің бәрін Президентке тірей бермей ҚР Жоғарғы Соты мен ҚР Судьялар одағы бірлесіп жұмыс істейтін болса, көп нәрсені күрделендірмей оп-оңай шешуге болады. Оған бұл салада ұзақ жыл қызмет жасап, зейнетке шыққан білімі мен тәжірибесі мол судьяларды  тартатын болса одан ұтпаса, ешкім ұтылмас еді.

Автор: Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ

Оқылып жатыр

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.