Сегіз Hyundai Elantra автокөлігін «E-Qazyna» мемлекеттік мүлік порталы арқылы сату жоспарланып отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Платформа мәліметтеріне сәйкес, бұл көліктер құрылтайшысы Эльмира Төлегенова болып табылатын «ZHANA BUSINESS» ЖШС-не тіркелген.
Кейбір автокөліктердің бастапқы құны шамамен 8,4 млн теңгені құрайды. Сауда-саттық 7 шілде күні сағат 10:00-де басталады. Бірінші кезеңде көліктерді тек заңды тұлғалар – мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, соның ішінде әлеуметтік және білім беру ұйымдары сатып ала алады.
Мемлекеттік органдар тарапынан өтінімдер болмаған жағдайда, автокөліктер ашық саудаға шығарылып, оған кез келген ниет білдіруші қатыса алады.




