Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

«1 млрд теңге алған»: Бауыржан Байбектің жақын танысы 10 жылға сотталып кетті

Бауыржан Байбектің жақын танысы, анығында әйелінің құрбысы экс-судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды. Жазасын ол орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Алматы қаласы Медеу ауданы №2 соты экс-судья Светлана Жолмановаға үкім шығар

Авторы Жаннұр Еділбаева··2 мин оқу
«1 млрд теңге алған»: Бауыржан Байбектің жақын танысы 10 жылға сотталып кетті

Бауыржан Байбектің жақын танысы, анығында әйелінің құрбысы экс-судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды. Жазасын ол орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Алматы қаласы Медеу ауданы №2 соты экс-судья Светлана Жолмановаға үкім шығарды — ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу нұсқасы бойынша, Жолманова азаматтарды алдап, жылжымайтын мүлік сатып алуға және жалған тендер жобаларына қатысуға көмектесемін деп уәде беріп, жалпы сомасы 1 миллиард теңгеге жуық қаржыны иемденген.

Онымен бірге айыпталушылар қатарында Данияр Құшалиев те бар. Тергеу дерегінше, олар қылмысты алдын ала келісіп, бірлесіп жасаған. Іс бойынша 48 эпизод тіркеліп, ондаған жәбірленуші сотқа шағымданған. Жолманова оларды өзінің судья ретіндегі байланысы мен беделін алға тарта отырып, ақша беруге көндірген.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН ЖАЙЫ

2021 жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманова алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын. Тінту кезінде судьяның кабинетінен 10 мың доллар тәркіленген.

Ол бұл ақшаны ипотека рәсімдеу үшін жинағанын айтқан. Келесі жылы Жоламанова қылмыстық іс тоқтатылғанын айтып, қызметін қалпына келтіруге тырысқан. Бірақ 2023 жылдың 12 мамырында ол ресми түрде жұмыстан шығарылды. Енді міне, арада үш жыл өткенде Жолмановаға үкім шықты.

Алғаш рет ұсталғанда Жоламанова босатылған еді, ол Бауыржан Байбектің жақын танысы ретінде белгілі. Экс—судья Алматы қаласының бұрынғы әкімі, бүгінде қашқын атанған Бауыржан Байбектің әйелінің құрбысы саналады.

Ұқсас материалдар